• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбеге келген «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тулеубек Мукашев Ақтөбе облысы мәслихаттарының депутаттарымен кездесті.

  • Пресс-релиз

    Депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты энергетика секторының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары Тәуелсіздік күніне арналған мұражай экспозициясымен танысып, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ студенттерімен ашық сабақ өткізді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары кезекті сессияда 15 мәселені қарады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар, басқа сұрақтармен қатар, облыс бюджетіне енгізілетін өзгерістерге, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларына, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді қарады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыстық мәслихат хатшысы облыс әкімі мен облыс депутаттарының атынан прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелері - Прокуратура күнімен құттықтады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының көпшілік даусымен ашық дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

201222Депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты энергетика секторының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Оразбек Далмағамбетов бастаған депутаттар «Динар-Электромаш» ЖШС кәсіпорнында болып, кәсіби мереке – Энергетика күнімен құттықтап, облыстық мәслихат атынан кәсіпорынның үздік қызметкерлеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті.
- Энергетика күні, бұл адамдарды тәулік бойы жанқиярлық және адал еңбегімен электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ететін жұмысшылардың мерекесі. Сіздер өркениеттің негізгі игіліктерінің жолын қалап, еңбек вахтаңызды адал, абыроймен алып жүрсіздер, - деді Оразбек Далмағамбетов.

Облыстық мәслихат депутаты Гүлжанат Ерғазина құттықтауларға қосылып, кәсіпорын басшысы Сергей Вишняктың елдің энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі зор екенін атап өтті.
- Қаланың энергетика саласымен байланысты ірі кәсіпорындардың бірінің басшысы ретінде, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты бола отырып, Сіз біздің өңіріміз бен еліміздің игілігі жолындағы жұмысыңызды жалғастырып келесіз, - деп атап өтті Гүлжанат Ерғазина.

Ақтөбе облысы
мәслихатының баспасөз қызметі