• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбеге келген «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тулеубек Мукашев Ақтөбе облысы мәслихаттарының депутаттарымен кездесті.

  • Пресс-релиз

    Депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты энергетика секторының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары Тәуелсіздік күніне арналған мұражай экспозициясымен танысып, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ студенттерімен ашық сабақ өткізді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары кезекті сессияда 15 мәселені қарады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар, басқа сұрақтармен қатар, облыс бюджетіне енгізілетін өзгерістерге, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларына, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді қарады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыстық мәслихат хатшысы облыс әкімі мен облыс депутаттарының атынан прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелері - Прокуратура күнімен құттықтады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының көпшілік даусымен ашық дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

091222Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар, басқа сұрақтармен қатар, облыс бюджетіне енгізілетін өзгерістерге, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларына, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді қарады.
Бірлескен отырыста барлығы 15 мәселе қаралды. Өз баяндамаларын облыстық бюджеттік жоспарлау, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары ұсынды.
Атап айтқанда, мемлекеттік мекемелердің басшылары депутаттардың талқылауына облыстық мәслихаттың 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешіміне өзгерістер енгізуге, Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беруге, облыс орталығында теннис корттарын салу мен пайдалануға және т. б. қатысты мәселелерді ұсынды.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары өз қызметінің қорытындылары туралы баяндады. Мәселен, 2022 жылы әлеуметтік-мәдени даму тобы 17 отырыс өткізіп, онда 46 мәселе қаралды, оның ішінде 32 мәселе облыстық мәслихат сессиясында қаралды. Әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері қарастырған өңір үшін маңызды мәселелердің бірі - облыс халқына көрсетілетін медициналық және фармацевтикалық қызметтердің сапасы және дәрілік заттар бағасының мониторингі , сондай-ақ, орта білім беруді қамтамасыз ету сапасы, cпорт саласы, құқық қорғау органдарының қызметі, мәдениет және әлеуметтік мәселелер болды.
Өз баяндамасын облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы да ұсынды. Есепті кезеңде тұрақты комиссиямен 26 отырыс өткізіліп, 65 мәселе қаралған, оның 31 мәслихат сессиясында қаралды.


Депутаттар қараған мәселелердің бірі тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық департамент басшысының баяндамасы болды.
Мәселен, осы жылдың қазан-қараша айларында ғана тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушылардың құқықтарын бұзуға байланысты 900 шағым түскен. Оның ішінде 494 шағым бөлшек сауда, 38 – ТКШ, 104 – электрондық қызмет саласындағы заң бұзушылықтарға қатысты. Өңір тұрғындарының 500-ге жуық өтініштері бойынша оң шешім шығарылды. Жыл басынан бері департамент қызметкерлерімен азаматтардың өтініштері бойынша 3 бөлшек сауда субъектісіне тексеру жүргізілген.
Баяндамаларды тыңдап, депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулы қабылдады.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі