• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбеге келген «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тулеубек Мукашев Ақтөбе облысы мәслихаттарының депутаттарымен кездесті.

  • Пресс-релиз

    Депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты энергетика секторының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары Тәуелсіздік күніне арналған мұражай экспозициясымен танысып, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ студенттерімен ашық сабақ өткізді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары кезекті сессияда 15 мәселені қарады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар, басқа сұрақтармен қатар, облыс бюджетіне енгізілетін өзгерістерге, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларына, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді қарады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыстық мәслихат хатшысы облыс әкімі мен облыс депутаттарының атынан прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелері - Прокуратура күнімен құттықтады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының көпшілік даусымен ашық дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

Облыстық мәслихат хатшысы облыс әкімі мен облыс депутаттарының атынан прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелері - Прокуратура күнімен құттықтады.
Салтанатты шара облыстық прокуратура ғимаратында өтті.
Мерекелік іс-шараны облыстық прокуратураның басшысы Халидулла Дауешов құттықтау сөзімен ашты. Ол өз сөзінде тәуелсіз мемлекетіміздің прокуратурасының қалыптасуы туралы айтып өтті.
- Осы айтулы күні прокуратура ардагерлеріне жанқиярлық еңбегі үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді және кәсіби мерекесін алғаш рет атап отырған қызметкерлерге, осы абыройлы мамандықтағы алғашқы қадамдарын бастаған жас мамандарға сәттілік тілеймін, - деп атап өтті облыс прокуроры.
Амангелді Нұғманов облыс әкімі мен мәслихат депутаттарының атынан ардагерлер мен прокуратура қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

- Прокуратура органдары қызметкерлерінің елдегі конституциялық құрылым пен заңдылықты қолдауға, мемлекеттің озық дамуын қамтамасыз етуде елеулі табыстарға қол жеткізуге күш-жігері мен қосқан үлесі елеулі және ерекше орын алады, - деп атап өтті облыстық мәслихат хатшысы. - Прокуратура органдарының қызметкерлеріне әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, барлығының заң алдындағы теңдігі бойынша жауапкершіліктің ауыртпалығы жүктеледі.


Сіздер заңдылық пен қоғамдық тәртіптің кепілісіз. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын адал қорғау, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте заңдылықты сақтау, жалпы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша алынған міндеттемелерді табысты орындап келесіз.
Облыс әкімі мен облыстық мәслихат атынан облыстың үздік прокурорларына Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.
Облыстық прокуратура басшысы ардагерлер мен ведомствоның үздік қызметкерлеріне еліміздің Бас прокурорының атынан үздік белгілерді, грамоталарды табыс етті, кейбір қызметкерлерге кезектен тыс атақтар берілді.


Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі