• Баспасөз хабарламасы

    Облыстық мәслихат хатшысы облыс әкімі мен облыс депутаттарының атынан прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелері - Прокуратура күнімен құттықтады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының көпшілік даусымен ашық дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

241122Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.
Мемлекеттік мекемелердің басшыларын депутаттар, депутаттық топтың, Облыстың Қоғамдық кеңесінің мүшелері депутаттық жұмыс тобының және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы барысында тыңдалды.
Мәселен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев 2023-2025 жылдарға арналған шығыстарға 28,7 миллиард теңгеден астам қаражат жоспарланғанын айтты. 2023 жылы 10 миллиард теңгеден астам, 2024 жылы – 9,2 миллиард, 2025 жылы – 9,3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу көзделген.

Қаржыландыру, басқалармен қатар, 855 медициналық маманға қайта біліктіліктен өтуге, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ ақыл-ой және дене бітімі кемістігі бар балаларға тәрбиелеу мен медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін жіберілетін пациенттердің, сондай-ақ оларды алып жүретін адамдардың республикалық медициналық ұйымдарға көлік шығыстарын өтеу. Сондай-ақ ауылдық жерлерге жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және т. б.


Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әнуарбек Көкжар басқарманың 2023-2025 жылдарға арналған шығыстарына ағымдағы 6 бюджеттік бағдарлама бойынша 51,8 миллиард теңгеден астам қаражат көзделуі қажет екенін баяндады.
Бұдан басқа бұл ақшаға медициналық-әлеуметтік мекемелерде, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жәрдемақы төлеу және т. б. қызметтер көрсетілетін болады.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік өтінімінің жалпы сомасы, басқарма басшысы Евгений Гончаровтың айтуынша, 193,1 миллион теңгені құрайды. Бұл қаржы өңірде бұқаралық спортты табысты дамытуға, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын, спорттық іс-шараларды және т. б. ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Баяндамашыларды тыңдап, ақпаратты талқылағаннан кейін депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулы шығарды.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі