• Баспасөз хабарламасы

    Облыстық мәслихат хатшысы облыс әкімі мен облыс депутаттарының атынан прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелері - Прокуратура күнімен құттықтады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының көпшілік даусымен ашық дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

181122Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.
Азаматтарды жеке қабылдау кезінде осы мәселелерді шешуге жәрдемдесу туралы өтінішпен «Ақжар-2», «Ақжар плюс» және «Взрывпром» тұрғын аудандарының тұрғындары облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғмановқа жүгінді.
Бұған дейін «Ақжар плюс» ауданының тұрғындары облыстық мәслихатқа осы тұрғын алабын электрмен, сумен және газбен жабдықтау мәселелерін шешуге көмек сұраған болатын. Атқарушы ресми органдарға жүгінген депутаттардың күш-жігерінің арқасында проблемалар шешілді, бірақ облыстық мәслихат хатшысының қабылдауында болған осы тұрғын алабының тұрғыны Жомарт Картбаев түсіндіргендей, өткен уақыттан бері бұл аудандарда халық саны бірнеше есе өсті және су тапшылығы туындап отыр.

- Осы аудандар тұрғындарының атынан облыстық мәслихаттың депутаттары мен хатшысына мәселенің шешілуіне ықпал жасап, жәрдем көрсеткені үшін алғыс айтамын, Сіздің күш - жігеріңізсіз аудан әлі газдандырылмас еді, жарық пен су да бомас еді- деді ақтөбелік тұрғын. - Бірақ тұрғындар санының артуымен біз белгілі бір қиындықтарға тап болдық. Мысалы, «Ақжар плюс» ауданында мектеп салу қажеттілігі орын алып отыр, біздің балалар «Ақжар-2» ауданындағы №49 мектепке барады. Ал қазір 320 орындық мектепте 830-дан астам бала оқиды. Аудан тұрғындары облыстық мәслихат депутаттары тарапынан жасалған көмекке алғыстарын білдіре отырып, жинақталған мәселелерді шешуге тағы да ықпал жасауларын сұрады.


Сонымен қатар Жомарт Кәріпбаев тұрғын үй алабының мәртебесін өзгертуге жәрдемдесу туралы өтініш білдірді.
- Егер қазір бау-бақша ұжымы мәртебесіне ие болып отырған біздің «Ақжар плюс» өзгерсе, онда проблемалар жеңіл шешілуі мүмкін, - деді ол тағы бір өтінішінде.
Облыстық мәслихаттың хатшысы бірқатар сұрақтарды мұқият тыңдап, облыстық мәслихат бұл сұрақтарды өз бақылауына алатынына сендірді.
- Тиісті мекемелердің басшылығынан осы сұрақтарға жауаптар талап етілетін болады, осы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар облыс басшылығына ұсынылатын болады, - деп сендірді облыстық мәслихаттың хатшысы.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі