• Баспасөз хабарламасы

    Облыстық мәслихат хатшысы облыс әкімі мен облыс депутаттарының атынан прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелері - Прокуратура күнімен құттықтады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының көпшілік даусымен ашық дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

0002Құрметті қаржы жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері!
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздерді кәсіби мереке - Ұлттық валюта Күнімен шын жүректен құттықтайды!
Осыдан 29 жыл бұрын, 1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің ел аумағында ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы Жарлығы шықты, содан бері бұл күн біздің тәуелсіз Республикамыздың қаржы жүйесінің барлық қызметкерлері үшін мереке болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарында өз ісінің мамандары - қаржыгерлердің ел экономикасының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін асыра бағалау қиын. Қазіргі заман қаржы саласының қызметкерлерінен жаңа шешімдерді талап етеді, кейде қиын міндеттер қояды. Бірақ Қазақстан тәуелсіздігінің барлық жылдарында қаржы саласының мамандары өз міндеттерін адал орындап , бюджеттік ресурстарды тиімді пайдалану бойынша өз борышын абыроймен атқаруда , соның нәтижесінде халықтың экономикалық өсуі мен әлеуметтік әл ауқаты қамтамасыз етілуде.

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Cіздерді Ұлттық валюта Күнімен құттықтайды!
Сіздің шаңырақтарыңызда әрқашан амандық пен бақыт орнасын!

Ізгі ниетпен,
Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов
Ақтөбе облысы мәслихатының
хатшысы