• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері ҚР Ұлттық банкінің жергілікті филиалының басшысы мен қызметкерлерін валюта Күнімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Депутаттар Статистика саласы қызметкерлерін құттықтады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Ақтөбе облысының аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының назарына

 

2022 жылғы 01 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2022 жылғы 1 желтоқсанында сағат 10:00-де өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холл.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 01 желтоқсанда сағат 08:00-ден 09:00-ге дейін конференц-холл фойесінде жүргізіледі.

Күн тәртібіне енгізілетін мәселе:

Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру.

Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов

 

Құрметті құтқару қызметінің қызметкерлері мен ардагерлері!

020922Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздерді кәсіби мереке – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
2008 жылдан бастап 14 жыл бойы өртке қарсы, су-құтқару қызметі, азаматтық қорғаныс қызметкерлері бірыңғай кәсіби мереке – Құтқарушылар күнін атап өтуде.
Аталған жылы төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет құрылды, ол бүгінде Республиканың мемлекеттік органдар жүйесіндегі қуатты кәсіби құрылым болып табылады.
Әр түрлі бөлімшелердің ең батыл, ер жүрек және жауапты қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте тұратын Құтқару қызметтері күндіз-түні біздің қауіпсіздігімізді қорғайды.
Құтқарушылардың қиын жұмысы жоғары кәсіп қойлықты талапетеді, себебі кәсіби борышын орындау кезінде өмірлеріне төнетін қауіп тәуекелі жоғары.


Құтқару шылар талай табиғи апаттарда төтенше жағдайларға қарсы тұрып, техногендік сипат тағы апаттардың салдарымен жанқиярлықпен және батылдықпен күресті.
Қазақстанның құтқару қызметтерінің басты ұраны-адамқауіпсіздігі.
Құрметті құтқару қызметтерінің қызметкерлер мен ардагерлері!
Депутаттармен облыстық мәслихат аппараты Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтайды.
Сізге бейбіт аспан, жоғары кәсібилік тілейміз.

Ізгі ниетпен,
Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов