• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері ҚР Ұлттық банкінің жергілікті филиалының басшысы мен қызметкерлерін валюта Күнімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Депутаттар Статистика саласы қызметкерлерін құттықтады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Ақтөбе облысының аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының назарына

 

2022 жылғы 01 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2022 жылғы 1 желтоқсанында сағат 10:00-де өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холл.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 01 желтоқсанда сағат 08:00-ден 09:00-ге дейін конференц-холл фойесінде жүргізіледі.

Күн тәртібіне енгізілетін мәселе:

Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру.

Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов

 

Ақтөбе облыстық мәслихаты

020922Құрметті әділет органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы Әділет органдары күнімен шын жүректен құттықтайды!
20 ғасырдың басында пайда болған Қазақстанның әділет органдары бүкіл елмен бірге қалыптасу мен дамудың ұзақ және даңқты жолынан өтті. Әділет органдарының қызметіне құқықтық жүйе жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған 1993 жылғы ҚР Президентінің Жарлығы жаңа өмір сыйлады. 2002 жылы қабылданған «әділет органдары туралы» ҚР Заңы әділет органдарының мемлекеттік орган ретіндегі қызметіне құқықтық негіз енгізді.


Бүгінде әділет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасын қалыптастыруға қатыса отырып, қабылданатын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге заңдық сараптама жүргізе отырып, мемлекетіміздің өмірінде өмірлік маңызды функцияларды орындайды.
Біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің табысты дамуының негіздері көбінесе Заң мен рухқа адал және риясыз шын көңілмен қызмет ететін заң мамандарының еңбегімен жасалады.
Сіздер, әділет органдарының қызметкерлері, мемлекеттік құқықтық саясатты іске асыруға, заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қомақты үлес қосып отырсыздар.
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздердің кәсібилігіңіз, жауапкершілігіңіз, принциптілігіңіз, Заңның әрпін мүлтіксіз орындағаныңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға күрделі және жауапты еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасылық амандық тілейміз!

Нугманов А.Ш.
Ақтөбе облыстық мәслихатының
хатшысы