• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов облыстық спорт және дене шынықтыру ардагерлері кеңесінің төрағасымен салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық тәлімгерлік мәселелерін талқылады.

  • 07

    Облыс жолдарында орын алған ЖКО себептері қозғалыс жылдамдығын асыратын жүргізушілер және жаяу жүргіншілердің жүріс бөлігінен өту ережелерін сақтамауы болып табылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбе командалары көкпардан ұлттық ат жарыстарында тұғырдың бірінші сатыларын иеленді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ардагерлер, депутаттар және облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері Президенттің «Әділ мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылады.

  • Ақтобе облыстық маслихаты

    Ақтөбе облысы мәслихаттар депутаттарының ашық дауыс берулері нәтижесінде көп дауыс жинаған Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары білікті кадрларды даярлау және жұмыспен қамту бағдарламаларының орындалуы мәселелерін талқылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары цифрлық технологияларды енгізу және жолаушылар тасымалын дамыту мәселелерін талқылады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

050922Ақтөбе командалары көкпардан ұлттық ат жарыстарында тұғырдың бірінші сатыларын иеленді.
Облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Ақтөбе облысы бойынша Көкпар федерациясының» президенті Атырау қаласында өткен көкпардан «Батыс аумақтық ашық турнир» жарысына БҚО, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарынан 8 команда қатысқанын айтты.
- Ақтөбенің атынан екі команда, негізгі және екінші құрам және екеуі де жарысқа қатысушылардың екі тобында қатысты, – деп түсіндірді Фархат Сансызбай - күрес қатал болды, қарсылас командалар нағыз жігіт рухын көрсетті және табанды күресті, бірақ нәтижесінде шеберлік шыңдалып, біздің ақтөбелік екі команда финалға шығып, бірінші жүлделі орындарды бөлісті.


«Көкпар» Ат спорты бойынша Ақтөбе командасы кәсіби және жарыстарда үнемі жоғары нәтиже көрсетіп жүргендердің бірі болып саналады.


- Біздің Федерацияда қазір 18 ойыншы бар. Бұл жарысқа 12 команда және 6 қосалқы команда қатысады. Барлық ойыншыларға көкпарға қатысуға арнайы үйретілген жылқылар, форма мендәрілер беріледі, - деп қосты спорттық қоғамдық бірлестіктің президенті.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі