• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының көпшілік даусымен ашық дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері ҚР Ұлттық банкінің жергілікті филиалының басшысы мен қызметкерлерін валюта Күнімен құттықтады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Ақтөбе облысының аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының назарына

 

2022 жылғы 01 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2022 жылғы 1 желтоқсанында сағат 12:00-де өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холл.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 01 желтоқсанда сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін конференц-холл фойесінде жүргізіледі.

Күн тәртібіне енгізілетін мәселе:

Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру.

Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов

 

Баспасөз хабарламасы

80Бүгін облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Сұлупан Шынтасова және облыстық мәслихаттың аппарат басшысы Тимур Владимирұлы еңбек ардагері Аманқұл Ишниязовты мерейлі 80 жасымен құттықтап барды. Аманқұл Жолдығараұлына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту саласында ел игілігі үшін көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін "Құрмет грамотасы" мен естелік сыйлық табыс етілді.


Аманқұл Ишниязов ұзақ жылдар партия органдарында Ақтөбе облысы Алға ауданы Октябрьдің 50 жылдығы атындағы совхоздың партия комитетінің хатшысы, Алға және Ақтөбе аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Ақтөбе аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудандық халықтық бақылау төрағасы, төрағаның орынбасары, Ақтөбе аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Соңғы жылдары Аманқұл Жолдығараұлы Қазақстан Республикасының кеден органдарында жұмыс істеп, еңбек демалысына шықты.
Жұбайы Күләнда Бариқызы дәрігер-невропатолог болып жұмыс істеген. Қазір зейнетте. Ұлы мен қызынан 4 немере сүйіп отыр. Облыстық мәслихат хатшысы зейнеткерлерге зор денсаулық пен амандық тіледі. Ақсақал қонақтарға құттықтаулары мен жылы сөздері үшін алғыс айтып, кездесу соңында батасын берді.


Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі