• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    600-ден астам ақтөбеліктер «AsarJoly» республикалық қайырымдылық акциясына қатысты.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары ветеринарлық қадағалау және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары аутизммен ауыратын балалардың жағдайы мен оларды медициналық стационарларда ұстау мәселелерін талқылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Депутат пен ақтөбелік телекөрермендер Экология мәселелері туралы талқылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қазақстан мәслихаттарының хатшылары жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін және референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтар жұмысының қорытындыларын талқылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ойыл ауданының ветеринария мәселелері облыстық мәслихат депутаттарының талқылауына айналды.

  • 29062022

    Депутаттар кезекті көшпелі отырысты облыстық мұражайда өткізді.


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

04Депутаттар кезекті көшпелі отырысты облыстық мұражайда өткізді.
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысын облыстық мұражайда өткізу және қаланың әлеуметтік-мәдени объектілерінің басшыларын проблемалық мәселелерді талқылауға шақыру туралы шешім қабылдады.
Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнусова депутаттарға осы саладағы кейбір проблемалық мәселелер туралы баяндады.


Атап айтқанда, ол облыстық мұрағат қызметкерлерінің орташа жалақысы 132,7 мың теңгені, ал техникалық қызметкерлердің орташа жалақысы 81,4 мың теңгеден аспайтынын хабарлады.
- Мәдениет қызметкерлерінің орташа жалақысы бар - жоғы 108,4 мың теңгені құрайды, оның ішінде әкімшілік персоналдың да, мәдениет нысандарының техникалық қызметкерлерінің орташа жалақысы 74,1 мың теңгені құрайды, - деп бөлісті Алтынай Юнисова.
Облыстық мәслихат депутаттары отырыста сөз сөйлеген облыстық, қалалық мәдениет объектілерінің басшыларын мұқият тыңдап, өз мекемелерінің қызметі туралы айтып, шешуді талап ететін проблемалармен бөлісті. Мәселені талқылағаннан кейін халық қалаулылары баяндамашыға бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулы шығарды.


Отырыс соңында байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугмановтың атынан БАҚ-та жұмыс істейтін депутаттар алғыс хаттармен марапатталды.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі