• 07

    Облыс жолдарында орын алған ЖКО себептері қозғалыс жылдамдығын асыратын жүргізушілер және жаяу жүргіншілердің жүріс бөлігінен өту ережелерін сақтамауы болып табылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбе командалары көкпардан ұлттық ат жарыстарында тұғырдың бірінші сатыларын иеленді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ардагерлер, депутаттар және облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері Президенттің «Әділ мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылады.

  • Ақтобе облыстық маслихаты

    Ақтөбе облысы мәслихаттар депутаттарының ашық дауыс берулері нәтижесінде көп дауыс жинаған Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары білікті кадрларды даярлау және жұмыспен қамту бағдарламаларының орындалуы мәселелерін талқылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары цифрлық технологияларды енгізу және жолаушылар тасымалын дамыту мәселелерін талқылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары біздің депутат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің рейтингісінде үздік деп танылды.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына сайлау туралы Ақтөбе облыстық мәслихатының хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты облыстық аумақтық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына бір мүшесінің сайланатындығы туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2022 жылғы 12 - 26 қыркүйек аралығында облыстық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) облыстық сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партия, өзге де қоғамдық бірлестік органы, олардың құрылымдық бөлімшелері отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;
2) саяси партияны, өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
3) облыстық мәслихатқа кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (өтініш нысанын мәслихаттан алуға болады).
Облыстық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 26 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.
Облыстық мәслихаттан құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға – Шыңғыс Сейдахметұлы Нұржігіт, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, каб. №206, қалааралық телефон коды (87132), қызметтік 56-37-13, ұялы 8778-805-17-17, факс 54-34-75, электрондық почта мекен-жайы maslixat@mail.ru

 

Баспасөз хабарламасы

280522Құрметті Денсаулық сақтау қызметкерлері!
Депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әлемде бүкіл адамзаттың өмірінде осындай маңызды рөл атқаратын мамандық жоқ екеніне ешкім күмән келтірмейді. Бұл медицина қызметкерлері адам өмірі мен денсаулығын қорғауда, дерттен арылуға және көбінесе өмірге қайта оралуға көмектеседі.


Қазақстандық және, атап айтқанда, ақтөбелік медицина қызметкерлерін жоғары кәсібилігі ерекшелендіреді, біздің денсаулық сақтау мекемелеріміз заманауи жабдықтармен жарақталған және бұл медицинаның табысты дамуының және елдегі медициналық қызметтер сапасының белгісі.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтауға және еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Нугманов А. Ш.
Ақтөбе облысы мәслихатының хатшысы