• 29062022

    Депутаттар кезекті көшпелі отырысты облыстық мұражайда өткізді.

  • 28062022

    Депутаттар мектеп оқушыларына арналған жазғы демалыс лагерлерінің жағдайын тексерді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Депутаттар біліктіліктерін арттырады

  • Баспасөз хабарламасы

    Дауыс беру үшін бар жағдай жасалды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық қоғамдық кеңесінің, референдумды қоғамдық қолдаудың облыстық штабының мүшелері Амангелді Нугманов пен Санат Қалиев Мәртөк және Қарғалы аудандарында іссапармен болып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді, кездесу барысында ел Конституциясына енгізілетін барлық өзгерістердің мәнін егжей-тегжейлі түсіндірді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні облыстық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері «Түйе төбе» мемориалына гүл шоқтарын қойды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Мәртөк ауданының тағы бір ауылына газ келді.


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

05052022Дауыс беру үшін бар жағдай жасалды
Әрбір қазақстандық бұл күні өз таңдауын жасап, дауыс беруі керек. Біз осы арқылы болашағамызға таңдау жасаймыз.
Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов қаладағы референдум учаскелерінің біріне отбасымен барып, дауыс берді. Ұлы мен келінімен бірге 85 жастағы қария, еңбек ардагері Шайхолла Нугманов та келді.
-Мұндай тағдыршешті тарихи кезеңде халық өзінің ауызбіршілігін көрсетуі керек,- деп есептейді ақсақал.
- Болашаққа бейжай қарауға болмайды. Ол үшін әрбір қазақстандық азааматтық борышын орындап, жаңа Қазақстан үшін дауыс беруі керек.
-Бұл еліміз үшін маңызды қадам, - деді Амангелді Нугманов.


- Сондықтан әрбір қазақстандықтың осы күні дауыс беру учаскесіне келіп, таңдау жасауы маңызды. Осыдан-ақ халықтың өзгеріс әкелетін референдумға көзқарасын білеміз, елдің өзгерісті қалап, қаламайтынын ұғынамыз.
- Учаске жұмысы сағат 7-де басталды. Бірақ байқаушылар дауыс беруге дайындықты таңғы 5-тен бастады. Әрбір байқаушы дауыс беру кезеңін мұқият қарап отырды. Әзірге дейін ешқандай да құқықбұзушылық тіркелмеді,- деді №559 сайлау учаскесінің байқаушысы, облыстық медиация орталығының хатшысы Мекенжан Қарағұлқызы.
Ал осы сайлау учаскесінің төрағасы Асылбек Ильясовтың айтуынша, мұнда сағат 7-ден бастап дауыс берушілер келіп, таңдауын жасады.
-Учаскеде 9 қызметкер мен бес байқаушы бар,- деді ол.
- Барлығы 7 арнайы дауыс беру орны жасақталды. Онда дауыс беруге бар мүмкіндік жасалған. Учаскеде 2,5 мыңнан астам адам тізімде бар. Олардың кедергісіз дауыс беруіне жағдай жасалды. Сағат 7:00-мен 10:00 аралығында 600-ден астам адам таңдауын жасады.