• 29062022

    Депутаттар кезекті көшпелі отырысты облыстық мұражайда өткізді.

  • 28062022

    Депутаттар мектеп оқушыларына арналған жазғы демалыс лагерлерінің жағдайын тексерді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Депутаттар біліктіліктерін арттырады

  • Баспасөз хабарламасы

    Дауыс беру үшін бар жағдай жасалды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық қоғамдық кеңесінің, референдумды қоғамдық қолдаудың облыстық штабының мүшелері Амангелді Нугманов пен Санат Қалиев Мәртөк және Қарғалы аудандарында іссапармен болып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді, кездесу барысында ел Конституциясына енгізілетін барлық өзгерістердің мәнін егжей-тегжейлі түсіндірді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні облыстық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері «Түйе төбе» мемориалына гүл шоқтарын қойды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Мәртөк ауданының тағы бір ауылына газ келді.


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

30052022Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні облыстық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері «Түйе төбе» мемориалына гүл шоқтарын қойды.
Естелік іс-шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға жүздеген адам, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің, этно-мәдени бірлестіктердің, жұртшылықтың, дінбасылардың өкілдері, қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарында қаза тапқандардың туыстары мен жақындары келді.


1932-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық кезінде Қазақстанда екі миллионға жуық адам қаза тапқаны, 600 мыңнан астам қазақ Отанын, Ата жұртын тастап кетуге мәжбүр болғаны белгілі. Саяси себептер бойынша 100 мыңнан астам адам сотталды, олардың 25 мыңы өлім жазасына кесілді. Қазақ даласына көптеген халықтардың өкілдері жер аударылды. Ақтөбе жері де сол жылдардың ауыртпалығын бастан кешірді – саяси қуғын-сүргіннен сегіз мың жергілікті тұрғын зардап шекті. Олардың екі мыңы өлім жазасына кесілді.
Қаза болғандарды жерлеген жерде, мемориалдың жиегінде, қайтыс болғандарды еске алу үшін құран оқылды. Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар мен ұжымдар атынан гранит стеласына гүл шоқтары қойылды.


Гүл шоқтарын қою рәсімі Ақтөбе қаласының «Тұрғындар қалашығы» ауданында орналасқан Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің жанында өтті.
Мемориалға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Сұлупан Шынтасова, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстың қоғамдық кеңесінің мүшелері, сонымен қатар, Ақтөбе қаласының тұрғындары да гүл шоқтарын қойды.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі