Облыстық мәслихаттың құрметті қонағы-бір күндік концертімен біздің қалаға келген, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, «Amanat» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі және Алматы қаласы мәслихатының депутаты Арман Жүдебаев.
Белгілі музыкантпен бірге Ақтөбеге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл атындағы мемлекеттік қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі Амантай Берғалиев те келді.
Атақты әртістерді ақтөбелік әріптестер, облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, облыстық мәслихат депутаттары Жұлдыз Қожабекова, Әсел Шункеева, Естай Сисенбаев, сондай-ақ Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінің ректоры Лаура Қарабасова, Қоғамдық кеңес мүшесі Келдібай Еспағамбетов, «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ботағарин жылы қарсы алды.
- Дарынды шәкірттерімен Қазақстаннан тыс жерлерде танымал шығармашылық ұжымның жетекшісі, талантты әртіс Арман Жүдебаевты, елімізге танымал шығармашылық тұлғалардың бірі Амантай Берғалиевті біздің Ақтөбе жерінде қарсы алуға қуаныштымыз, деп атап өтті облыстық мәслихат хатшысы.
Қазіргі жастарға Арман Жүдебаев сияқты адамдардан үлгі алу керек, ол өзінің мақсаткерлігімен, шығармашылық талантымен еліміздің жұртшылығын ғана тәнті етіп қана қоймай, сонымен қатар өзінің еңбек жолын қазіргі уақытта лайықты басқаратын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұлттық аспаптар студенттік оркестрінің оқытушысы лауазымынан бастап, басшы, бас дирижері мансабында елеулі табыстарға қол жеткізді.
Сонымен қатар, Арман Жүдебаев еліміздің саяси және қоғамдық өміріне белсенді араласады, биыл оны «Amanat» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі етіп сайлады. Талантты әртіс мемлекеттік және халықаралық наградалармен, сыйлықтармен, құрметті атақтармен марапатталған, көптеген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты болып табылады.
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары Қазақстандағы танымал музыканттарды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтап, Мәдениет туралы әңгімелеп, жас ұрпақты музыка арқылы тәрбиелеу мәселелерін қозғады.
Жылы қабылдағаны үшін алғысын білдірген Арман Жүдебаев кез келген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алатын ақтөбеліктермен кездесуге қуанышты екенін, сондай-ақ, Ахмет Жұбанов сияқты атақты және танымал музыка қайраткерінің туған жеріне келіп қайтқанына қуанышты екенін атап өтті.
- Ақтөбеде мәдениетке ерекше мән беріліп, атақты музыкатанушының есімі ұрпақтарының жадында қалуы үшін қалада көптеген жұмыс жүргізілгені ерекше таң қалдырады, - деп атап өтті қонақ.
Жылы әңгімеден кейін музыканттарға сыйлықтар табыс етілді. Ақтөбеге келгеніне шын жүректен ыстық ықыласын білдіре отырып, Жұбанов атындағы АМУ ректоры Лаура Қарабасова қос мәдениет қайраткеріне, университет студенттері салған өлкеміздің сұлулығы мен табиғатын сипаттайтын картиналарды табыс етті.
Амангелді Нугманов депутаттық корпус, облыстық мәслихат аппараты атынан қонақтарға салтанатты түрде естелік сыйлықтар табыстап, шығармашылық табыс тіледі. Кездесу соңында ақсақал Келдібай Еспағамбетов қонақтарға бата беріп, болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне тілектестігін білдіріп, елімізге бақ-береке тіледі.
Ақтөбе облысы мәслихатының баспасөз қызметі