• 29062022

    Депутаттар кезекті көшпелі отырысты облыстық мұражайда өткізді.

  • 28062022

    Депутаттар мектеп оқушыларына арналған жазғы демалыс лагерлерінің жағдайын тексерді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Депутаттар біліктіліктерін арттырады

  • Баспасөз хабарламасы

    Дауыс беру үшін бар жағдай жасалды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық қоғамдық кеңесінің, референдумды қоғамдық қолдаудың облыстық штабының мүшелері Амангелді Нугманов пен Санат Қалиев Мәртөк және Қарғалы аудандарында іссапармен болып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді, кездесу барысында ел Конституциясына енгізілетін барлық өзгерістердің мәнін егжей-тегжейлі түсіндірді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні облыстық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері «Түйе төбе» мемориалына гүл шоқтарын қойды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Мәртөк ауданының тағы бір ауылына газ келді.


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

2305Батыр есімі

Аты аңызға айналған дала батырының ұрпақтары, ғалымдар, зиялы қауым мен жұртшылық өкілдері Қобыланды батырға арналған мемориалдық кешеннің құрылғанына 15 жыл толуын салтанатты түрде атап өтті.

Армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, «Халық Қаһарманы» Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының бастамасымен кешеннің 15 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғыманов, Қазақстанның әр түрлі қалалары мен облыстарынан батырдың ұрпақтары, дала батырларының қоғамдық қорларының мүшелері, еліміздің 11 облысынан делегациялар батырдың рухына тағзым етуге жиналды.
Мұнда Қобда ауданы Жиренқопа ауылындағы мемориалдық кешен алаңында митинг өтіп, үлкен мемориалдық ас берілді. Мереке басталар алдында облыс әкімі, облыстық мәслихат хатшысы, қонақтар батырдың күлі жерленген кесенеге барып, жаназа намазын оқып, батырдың өмірі мен өткен дәуірдің тарихи маңызды оқиғаларына арналған кешенді аралап, құрметті қонақтар кітабына қол қойды.


- Біздің Қор Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың бастамасы арқасында 2011 жылы құрылды және оның мақсаты мен жалғыз жұмысы біздің мемлекетіміздің, даланың тарихында елеулі із қалдырған лайықты ата-бабаларымыздың жадын сақтау болып табылады. Қор еліміздің түрлі облыстары мен аймақтарында болып, біздің ұлы бабаларымыздың жадын сақтау арқылы біздің дала тарихымызды, руханиятымызды насихаттауға белсенді түрде ықпал етеді. Осы бағытта белсенді жұмыс істейтін өңірлер Сағадат Нұрмағамбетов атындағы ауыспалы тумен марапатталады және бүгін біз оны Ақтөбе өңіріне салтанатты түрде табыстаймыз- деп армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, "Халық Қаһарманы" Сағадат Нұрмағамбетов атындағы қоғамдық қайырымдылық қорының президенті Махмұд Нәлібаев атап өтті.
Батырларды еске алуға біздің даламыздың батырларына, билеріне, белгілі тұлғаларына арналған түрлі қоғамдық қорлардың өкілдері келді.
- Біз қасиетті Ұлытау жерінен келген Ұлы батырды еске алуға құрмет көрсетуге келдік. Қобыланды батыр, даланың басқа да батырлары сияқты, Қазақ хандығының алғашқы басшылары Керей мен Жәнібекпен бірге жаңа дала мемлекетін құруға қатысқан кезде, біздің өлкеміздің тарихында жарқын із қалдырды. Бұл есім далада ешқашан ұмытылмайды және Біз, ата-бабаларымыздың жадын сақтаушылар бұған жан-жақты ықпал ететін боламыз. Алматыдан, Жезқазғаннан, Нұрсұлтан, Шымкенттен және басқа қалалар мен облыстардан келген делегация батырды еске алуға бізбен бірге келді,- деп атап өтті Жезқазған делегациясының құрамында келген қонақтардың бірі
- Бұл шараның тек ақтөбеліктер үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызы зор, - Біздің Дала тарихына, даланы одан тысқары жерлерде даңққа бөлеген оның батырларына арналған мұндай іс-шаралар ұлттық рухты қайта жаңғыртуда үлкен рөл атқарады. Ал Қобыланды батырдың көптеген аңыз-әңгімелері мен жырларында айтылған Біздің аңыз тарихымыз ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан ғасырға беріліп келеді. Туған жерін қорғаған батыр бейнесі ғасырлар бойы шексіз дала тұрғындарына үлгі болып келді және солай болып қала береді. Біз бұл білімді ұрпақтарымызға беруге міндеттіміз- деп атап өтті Оңдасын Оразалин өз сөзінде.
Қазақстанға танымал меценат, «Бабалар ізімен» деректі бағдарламасының авторы Сапар Ысқақов 70-тен астам елге барып, осы елдердің тарихында даладан шыққан атақты адамдар қалдырған түркі іздерін іздеумен айналысатын шығармашылық түсірілім тобының қандай жұмыс жүргізіп жатқанын айтып берді. Одан кейін мавзолейдің алдына қойылған «Қара қыпшақ Қобыланды» театрландырылған көрінісімен сахнада облыстық драма театрының әртістері өнер көрсетті, қонақтардың алдында арнайы келген белгілі әнші Бақтияр Тайлақбаев ән шырқады.


Іс-шара барысында «Қобыланды батыр» эпосынан үзінді оқу конкурсында жеңіске жеткен оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Жиренқопа орта мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы Аян Алдашева, Бестау ауыл мектебінің бесінші сынып оқушысы Нұршат Ермекова, Исатай Тайманов атындағы гимназияның алтыншы сынып оқушысы Адина Әбішова және Қасөткел негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы Ержан Күйшебайұлы марапатқа ие болды.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар кешеннің жанында салынған киіз үйлерге шақырылды, оларды ас-дастархан күтіп тұрды.
Естеріңізге сала кетейік, Қобыланды батыр мемориалдық кешені Қобда ауданы Жиренқопа ауылының маңында құрылған және Қазақстанда теңдесі жоқ сәулет нысанының авторы-белгілі қазақстандық сәулетші Бек Ибраев.
Дала жауынгерлерінің дулыға түрінде жасалған құрылымның биіктігі шамамен 17 метрді құрайды. 2017 жылы кешенді қалпына келтіргеннен кейін оның аумағында визит-орталық салынып, ашылды.

Ақтөбе облысы мәслихатының баспасөз қызметі