• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары біздің депутат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің рейтингісінде үздік деп танылды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бірінші жартыжылдықта 100 пайыздан астам тұрақты өсім көрсетті.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    600-ден астам ақтөбеліктер «AsarJoly» республикалық қайырымдылық акциясына қатысты.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары ветеринарлық қадағалау және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары аутизммен ауыратын балалардың жағдайы мен оларды медициналық стационарларда ұстау мәселелерін талқылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Депутат пен ақтөбелік телекөрермендер Экология мәселелері туралы талқылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қазақстан мәслихаттарының хатшылары жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін және референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтар жұмысының қорытындыларын талқылады.


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

 

Облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы 2022 жылғы 17 тамызда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді

Күн тәртібі:

1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі О.С.Оразалиннің есебі туралы.
Баяндамашы: О.С.Оразалин – облыс әкімі
2. Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы №80 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
3. Ақтөбе облысы бойынша үй жануарларын ұстау және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы.
4. Ақтөбе облысы бойынша жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы.
5. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №84 «Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Қ.І.Сәрсембай – ветеринария басқармасының басшысы

6. Өзге сұрақтар.

 

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2022 жылғы 17 тамызда сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

  

Облыстық мәслихаттың хатшысы
А. Нугманов

 

Өзге сұрақтар

Баспасөз хабарламасы

0905Облыстық мәслихат хатшысы 101 жастағы соғыс ардагерінде қонақта болып, облыс әкімі, депутаттар және облыстық мәслихат аппаратының атынан соғыс батырын Жеңістің 77 жылдығымен құттықтады.
Сол күні ақтөбеліктер соғыс батырларына құрмет көрсетіп, "Мәңгілік алау" мемориалдық кешенінің Даңқ обелискіне және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Мемориалдар мен ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсіміне облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов қатысты.
Бұл күні таңертеңнен бастап соғыс батырларының ескерткішіне көптеген ақтөбеліктер жиналды. Отан майданында қаза тапқандарды еске алуға интернационалист-жауынгерлер, қоғам өкілдері, оқушылар, әскерилер, күш ведомстволары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері келді.


Қазақстанның Әнұраны шырқалғаннан кейін, біраз уақытқа ескерткіш алдындағы алаңда тыныштық орнады, жиналғандардың барлығы бір минут үнсіздікпен соғыстың барлық батырларын және 20 ғасырдың сол бір қасіретті трагедиясын еске алды.
Одан кейін ескерткішке жауынгерлермен бірге облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен облыс әкімінің кеңесшісі Сәния Қалдығұлова гүл шоқтарын қойды. Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нугманов, депутат Сұлупан Шынтасовамен бірге мемориалды кешеннің жанына гүл шоқтарын қойды.
Тағы бір салтанатты гүл қою рәсімі Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешенінде өтті.
Қазақстан әнұранының соңғы дыбыстарынан кейін және одан кейінгі бір минут үнсіздіктен кейін облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нугманов, облыс әкімінің кеңесшісі Сәния Қалдығұлова ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне облыстық мәслихат депутаттары, Ақтөбе әкімдігі, мемлекеттік мекемелер мен күштік ведомстволардың басшылары, қоғам өкілдері, оқушылар, қала тұрғындары мен қонақтары құрмет көрсетті.
Сол күні облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нугманов пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов 101 жастағы соғыс ардагері Сатылған Бекмағамбетовтың үйінде қонақта болды.


Естеріңізге сала кетейік, Сатылған Бекмағамбетов- аты аңызға айналған 101-ші атқыштар бригадасының соңғы тірі қалған жауынгері. Жауынгердің атына екі рет жерлеу рәсімі келді, бірақ солдат ештеңеге қарамай аман қалып, үйіне оралды.
1941 жылы желтоқсанда шақыру қағазы келгенде ол 20 жаста болатын. Сол кезде ол қазіргі Қобда ауданындағы Жиренқопада зоотехник болып жұмыс істеді.
- Ауылдастарымен бірге 1941 жылдың желтоқсан айының ортасында Ақтөбеге келіп, бізді бірден оқу бөлімшесіне жіберді, – деп еске алады ақсақал. - Ал 1942 жылы бірден 101-ші атқыштар бригадасының құрамына қабылдап, Мәскеуге жақын жерде болған ұрыстарға қатысып, Ржев жағына қарай беттеді.
1942 жылы Ржев маңында екінші дүниежүзілік соғыс тарихында ең қанды және ұзаққа созылған шайқас болды. Бұл шайқасқа қатысқан 101-ші атқыштар дивизиясы іс жүзінде жеңілді. Жауынгер Бекмағамбетовті қателесіп қаза тапты деп санап, үйіне оның қайтыс болғаны туралы хабарлама жіберілді.
1943жылы Смоленск маңында жарақат алып, Сатылған тұтқынға түседі. Жауынгерді түгендей алмаған Командир солдаттың Отанына хабар-ошарсыз кеткені туралы тағы бір хабарлама жібереді. Бірақ тұтқыннан қашып шығып солдат өзінің 740-шы Гвардиялық полкіне оралады. Жеңіс күні Берлинді алған Кеңес әскерлері Рейхстагтың баспалдақтарында атой салған кезде, ол әскери жолдастарымен бірге Кенигсберг бекінісіне шабуыл жасады. Осы жерде қатардағы жауынгер Бекмағамбетов үшін соғыс аяқталды.
1946 жылдың жазында ол үйіне оралды. Ал осы жылдың қаңтар айында Сатылған Бекмағамбетовке 101 жыл толды
- Менің жолым болды-мен тірі оралдым. Бірақ уақыт ешкімді аямайды, жауынгер жолдастар бірінен соң бірі кетіп қалды. Мен олардың әрқайсысын есіме түсіремін. Оларды балалары, немерелері, шөберелері еске алады және мәңгілік есте қалады, - дейді ақсақал.
Амангелді Нугманов облыс әкімінің атынан құттықтауын оқып, ақсақалды мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, тәттілер мен гүл шоғын сыйлады.
– Соғыс ардагерлері аз ғана қалды, ал егер Сатылған ақсақал туралы айтатын болсақ, ол биыл өзінің 101 жылдығын атап өткен сол соғыста аман қалған жалғыз ардагер. Бізге және әсіресе жас ұрпаққа еліміздің осындай батырларынан патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті үйрену керек. - деп атап өтті Амангелді Нугманов

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі