• 12052022

    Ұлы Жеңіс үшін тыл еңбеккерлері де орасан зор үлес қосты, біздің жеңісіміз үшін майдан даласындағы сарбаздарымыз ғана емес, сонымен қатар жеңіс үшін егістікте, зауыт цехтарында демалыссыз жұмыс істеген бүкіл ел тұрғындары еңбектенді. Тіпті балалар да жеңіске өз үлестерін қосты, ересектермен бірге соғыстың барлық қиындықтарын өз мойнына алды.

  • 090522

    Облыстық мәслихат хатшысы 101 жастағы соғыс ардагерінде қонақта болып, облыс әкімі, депутаттар және облыстық мәслихат аппаратының атынан соғыс батырын Жеңістің 77 жылдығымен құттықтады.

  • 300422

    Облыстық мәслихат депутаттары су тасқыны, ТЖ күштерін өрт сөндіру деполарының қосымша пункттерімен жабдықтау мәселелерін талқылады.

  • Пресс-релиз

    12 мың баланың спорт үйірмелерінде спортпен шұғылдануын ұйымдастыру үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қосымша 1,8 миллиард теңге қажет.

  • Байганин

    Байғанин ауданында 9 миллиард теңгеден астам сомаға жобаларды жүзеге асыруға дайын.

  • Сенбілік

    Осы сенбі күні басталған қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша жыл сайынғы екі айлыққа облыстық мәслихат депутаттары белсене қатысты.

  • 070422

    Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы барысында депутаттар "Aqtobe su-energy group"АҚ су тазарту құрылыстарының жұмысымен танысты.


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

WhatsApp Image 2022-04-20 at 13.58.31Байғанин ауданында 9 миллиард теңгеден астам сомаға жобаларды жүзеге асыруға дайын.
Бұл туралы осы өңірде болған облыстық мәслихат депутаттарына аудан әкімі Қайрат Утаров баяндады, айта кетерлігі, әрбір жобаның дайын жобалық-сметалық құжаттамасы бар және оған уақыт пен ақша жұмсаудың қажеті жоқ.
Құрамында облыстық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және облыстық басқармалардың бірінші басшылары бар жұмыс тобы ауданға барып, оның проблемалары туралы біліп, оларды шешу жолдарын бірлесіп талқылады.


- Біздің міндетіміз, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып қана қоймай, Халықпен, қарапайым адамдармен кездесіп, ауыл тұрғындарын қандай мәселелер толғандыратынын өздерінен білу, - деп атап өтті облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Әсел Шункеева. - Содан кейін біз әр мәселені бірге талқылап, оның шешімін іздейміз.
Жұмыс тобының мүшелері аудан орталығында, Қарауылкелді ауылында тұрғындармен кездесу өткізді. Өңір тұрғындарын, ең алдымен, ауылдарды сумен, газбен, интернет байланысымен қамтамасыз ету мәселесі толғандырады. Ауыл ішілік жолдарды, білім беру объектілерін жөндеу және салу, көшелерді жарықтандыру бойынша көптеген мәселелер болды. Сұрақтарға тек облыстық мәслихат депутаттары ғана емес, сондай-ақ жұмыс тобымен бірге қандай да бір салаға жетекшілік ететін облыстың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары да толық және жан-жақты жауап берді.
Жұмыс тобының мүшелері күні бойы Ноғайты, Жарлы ауылдарына барып, спорт нысандарымен, ауыл жолдарының жай-күйімен және көше жарығымен танысты, ауыл мектептерінің қалай жабдықталғанын білді.


Депутаттық топпен бірге болған Қайрат Утаров қонақтарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып қана қоймай, шұғыл шешілуі қажет мәселелермен де бөлісті.
- Аудан орталығының басты мәселелерінің бірі-лас суды тазартатын станция салу қажеттілігі, - деді ол. - Кәріздік суларды жинау және тазалау мәселесін Қарауылкелді ауылының тұрғындары көптен бері көтеріп келеді және біз оны шешуге тырысамыз. Бұл өте қымбат жоба және біз қажетті соманың бөліктермен бөлінетініне қуаныштымыз. Биыл оған 20 миллион теңге бөлінді және станция құрылысына тендерді жеңіп алған компания бар. Биыл ПСД әзірлеп, келесі жылы станция құрылысын бастаймыз.
Сонымен қатар, Қайрат Утаров Қараши, Қаражар ауылдарында медициналық амбулаториялар салу қажеттігі, ал аудан орталығында өрт сөндірушілер ескі ғимаратта тұратындығын жеткізді.
- Өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында тәуліктік кезекшілікке түсетін өрт сөндірушілерге арналған демалыс бөлмесі де жоқ, - деп түсіндірді Қайрат Утаров. - Біздің жоспарларымызға сәйкес ауданда біздің проблемаларымызды шешетін жобаларды іске асыру қажеттілігі пісіп-жетілді және олардың әрқайсысы бойынша жалпы сомасы 9 миллиард теңгеден асатын ПСД дайын. Осы жобалардың кейбірі іске асырылып жатыр.
Сапар соңында депутаттар аудан әкімімен бірге ауданның барлық мәселелерін талқылап, өзекті мәселелер бойынша жан-жақты қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі