• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері ҚР Ұлттық банкінің жергілікті филиалының басшысы мен қызметкерлерін валюта Күнімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Депутаттар Статистика саласы қызметкерлерін құттықтады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Ақтөбе облысының аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының назарына

 

2022 жылғы 01 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2022 жылғы 1 желтоқсанында сағат 10:00-де өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холл.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 01 желтоқсанда сағат 08:00-ден 09:00-ге дейін конференц-холл фойесінде жүргізіледі.

Күн тәртібіне енгізілетін мәселе:

Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру.

Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов

 

Баспасөз хабарламасы

010Облыстың жаңартылған қоғамдық кеңесінің мүшелері өз төрағасын, бес комиссияның, Төралқаның басшыларын сайлады және Ақтөбе облысының қоғамдық кеңесі туралы ережені бекітті.
Облыстың қоғамдық кеңесінің төрағасын ашық дауыс беру жолымен облыстың Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы басшысының орынбасары - "Ардагер"қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ботагариннің төрағалығымен өткен отырыс барысында әріптестер сайлады.
Отырыс жұмысына облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов, облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Кеңесті басқару, көпшілік дауыспен, аймақтағы танымал кәсіпкерге, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің мүшесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы мониторингтік топтың төрағасы, "ТРК "Тандем" ЖШС Бас директоры Таттыгүл Талаеваға сеніп тапсырылды.


Сонымен қатар, отырыс барысында облыстың қоғамдық кеңесінің 5 комиссиясының құрамы бекітіліп, олардың төрағалары мен орынбасарлары сайланды.
Нәтижесінде, сәулет, құрылыс, көлік, сауда және ТКШ мәселелері жөніндегі комиссияны "Ұлт тағдыры" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айтқали Италиев басқарды, ал оның орынбасары болып ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі Болат Егімбаев тағайындалды;


Әлеуметтік-мәдени даму, білім беру және денсаулық сақтау жөніндегі комиссияның төрағасы болып "Байтақ Болашақ" республикалық экологиялық альянсы" қоғамдық бірлестігінің директоры Бекарыстан Мырзабай, ал оның орынбасары болып "Парасат-Ғылым" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Көшкінбай Ахметов сайланды;
экология, жер қойнауын пайдалану, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларындағы жұмыс жөніндегі комиссияны "Ақтөбе облысының Көкпар федерациясы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Фархат Сансызбай сайланды, ал оның орынбасары "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша өңірлік филиалының мүшесі, "Аграрлы несие корпорациясы" АФ директоры Гүлжанат Ерғазина болды;
заңдылық, құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссияны "кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығы" заңды тұлғалар қоғамдық бірлестігінің мүшесі, "Атамекен" КП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Нұрлан Махамбетов сайланды, ал оның орынбасары "ПромМаркет" ЖШС директоры Серік Әліпов болды;
облыстың қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары – бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі комиссияның төрағасы болып "Ардагерлер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Серік Шаңғұтов сайланды, ал комиссияның орынбасары болып "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова тағайындалды.
облыстың қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары-бұдан басқа отырыста Ақтөбе облысының қоғамдық кеңесі туралы ереже бекітілді және Төралқа құрамы бекітілді, оның құрамына облыстың қоғамдық кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы, облыс әкімінің орынбасары және комиссиялардың 5 төрағасы кірді.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі