• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері ҚР Ұлттық банкінің жергілікті филиалының басшысы мен қызметкерлерін валюта Күнімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Депутаттар Статистика саласы қызметкерлерін құттықтады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Ақтөбе облысының аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының назарына

 

2022 жылғы 01 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2022 жылғы 1 желтоқсанында сағат 10:00-де өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холл.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 01 желтоқсанда сағат 08:00-ден 09:00-ге дейін конференц-холл фойесінде жүргізіледі.

Күн тәртібіне енгізілетін мәселе:

Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру.

Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов

 

Баспасөз хабарламасы

15032022Өткен жылы мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы саласында 376 миллиард теңгеден астам сомаға өнім өндірілді.
Бұл туралы облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов баяндады.
Депутат Сұлупан Шынтасованың төрайымдылығымен өткен отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары қатысты.
Тұрақты комиссия мүшелеріне аграрлық секторды және тұрақтандыру қорын субсидиялау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы баяндай отырып, Исатай Еспағанбетов мемлекеттік қолдаудың арқасында 2021 жылы облыста 376,4 миллиард теңге сомасына ауыл шаруашылығы өнімі өндірілгенін хабарлады.


-2021 жылы астық дақылдарының жалпы жиналуының азаюына байланысты құрғақшылықтың салдарынан нақты көлем индексі 96,9 пайызды құрады, - деп нақтылады ол. – Өткен жылы республикалық және облыстық бюджеттерден 22,7 миллиард теңге бөлінді. Осы сомадан мал шаруашылығына – 14,4 миллиард теңге, өсімдік шаруашылығына - 1 миллиард теңге, инвестициялық субсидияларға - 4,3 миллиард теңге, өзге де субсидияларға-3 миллиард теңге бөлінді.
Өткен жылы облыстың шаруа қожалықтары берген 8 мыңнан астам өтінім қаржыландырылды. Өсімдік шаруашылығына облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді.
Сонымен қатар, 743 тонна элиталық тұқым, тыңайтқыштар, пестицидтер, биоагенттердің құны субсидияланып, 82 шаруашылыққа 289,0 мың гектар арамшөпке қарсы химиялық өңдеу жүргізілді.
Облыстың тұрақтандыру қорының қорлары туралы айта келе, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тұрақтандыру қорының өнімін қазір барлық "Анвар", "Дина" желілерінен нарықтық бағадан 10-25% - ға төмен сатып алуға болатынын хабарлады. Әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру үшін ағымдағы жылы 4 ірі нан пісіру кәсіпорнын қамтамасыз ету жалғастырылады. Депутаттарға "Ақтөбе ӘКК" АҚ ҰК төрағасының орынбасары Ақтоты Тасымбетова әлеуметтік азық-түлікке баға белгілеу туралы баяндады, кәсіпкерлік саласындағы баға жағдайы туралы Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов айтып берді. 

Сөз соңында Исатай Еспағанбетов облыста инвестициялық жобаларды іске асыру аясында 2025 жылға қарай 16 сүт-тауар фермасын салу, 17 бордақылау алаңын, 21 мал шаруашылығы кешенін, 4 құс фабрикасын, 2 жылыжайды және т.б. салу жоспарланғанын баяндады.
Депутаттар бірінші қажеттіліктегі азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасына, тұрақтандыру қорының қызметіне қатысты бірқатар сұрақтар қойып, баяндамашылардың сөздерін талқылап, тиісті қаулы қабылдады.


Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі