• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері ҚР Ұлттық банкінің жергілікті филиалының басшысы мен қызметкерлерін валюта Күнімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Депутаттар Статистика саласы қызметкерлерін құттықтады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Ақтөбе облысының аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының назарына

 

2022 жылғы 01 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2022 жылғы 1 желтоқсанында сағат 10:00-де өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холл.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 01 желтоқсанда сағат 08:00-ден 09:00-ге дейін конференц-холл фойесінде жүргізіледі.

Күн тәртібіне енгізілетін мәселе:

Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру.

Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов

 

Баспасөз хабарламасы

1003Депутаттар облыс бюджетіне 28,3 миллиард теңге сомасында нақтылауды қарады.
Осы және басқа да мәселелерді облыстық мәслихаттың депутаттары облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы барысында талқылады.
Отырыс жұмысына тұрақты комиссиялардың төрағалары, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Депутаттарды облыс бюджетіне ұсынылатын нақтылаулар туралы хабардар ете отырып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлкасима Суентаева бюджетті қайта қарау аясында 28,3 млрд теңге бөлу ұсынылғанын хабарлады.


Осы соманың 2,3 млрд. теңгесін Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 22 жобаны бірлесіп қаржыландыруға, Ақтөбенің инженерлік-коммуникациялық инфра құрылымын дамыту мен орналастыруға, Шилісай тұрғын алабында 600 орындық және Шалқар ауданының Қарашорқат станциясында 120 орындық 2 мектептің құрылысын аяқтауға бөлу ұсынылады.
Сондай-ақ, жол инфрақұрылымын салуға (ауылішілік жолдарды жөндеу, салу және басқалары), білім беру, денсаулық сақтау объектілерін салуға және жөндеуге, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға, бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға, этно-мәдени бірлестіктердің 25 іс-шарасын өткізуге, жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыруға қаржы бөлу қажет.


Депутаттарға «шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе медициналық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балалар стационарының негізгі ғимаратына қосымша корпус салу және пайдалану» жобасы туралы баяндай отырып, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев осы жобаны іске асыруға көзделген 5 140 964,457 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік міндеттемелерді 2025 жылға дейін жылдар бойынша қайта бөлу ұсынылғанын хабарлады.
Отырыс барысында Ақтөбе облысын басқару схемасын, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамын бекіту мәселелері қаралды, бұл туралы депутаттарды облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Дәулетияр Тоғызбаев хабардар етті.
Сонымен қатар, депутаттар облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына қатысты мәселені талқылап, тұрақты комиссияның құрамына "Amanat" партиясына жаңа мүше - депутат Бижан Қалмағамбетовты енгізу туралы шешімнің жобасын мақұлдады.
Барлық мәселелерді талқылап, депутаттар тиісті қаулылар қабылдады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі