• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері ҚР Ұлттық банкінің жергілікті филиалының басшысы мен қызметкерлерін валюта Күнімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Депутаттар Статистика саласы қызметкерлерін құттықтады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Ақтөбе облысының аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының назарына

 

2022 жылғы 01 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2022 жылғы 1 желтоқсанында сағат 10:00-де өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холл.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 01 желтоқсанда сағат 08:00-ден 09:00-ге дейін конференц-холл фойесінде жүргізіледі.

Күн тәртібіне енгізілетін мәселе:

Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру.

Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов

 

Баспасөз хабарламасы

240222Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бөлуге жоспарланған 19 миллиардтан астам теңге әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталады.
Бұл туралы облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының м.а.Адайбек Есенаманов хабарлады


Сонымен қатар, тұрақты комиссиялардың төрағалары мен облыстық мәслихат депутаттарының алдында бағдарлама әкімшілері сөз сөйлеп, қаржы қаражатын нақты қандай мақсаттарға бағыттау ұсынылатынын түсіндірді.
Айбек Есенаманов хабарлағандай, болжам бойынша наурыз айының соңында облысымыздың жұмыспен қамту жол картасы аясында 19 миллиард теңге бөлу көзделген.
- Осы бағдарлама аясында биыл тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталған әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады. Осылайша, бізде Жұмыспен қамтудың Жол картасына енбеген инфрақұрылымдық жобаларды қосымша іске асыру мүмкіндігі пайда болады- деді ол.


Бұл ретте баяндамашы депутаттардың қарауына енгізілетін ұсыныс тек жоба болып табылатынын атап өтті.
Биылғы жылы ТКШ саласында (11 ауылдық елді мекенді газбен жабдықтауға 4,3 млрд.теңге, Ақтөбенің 7 ауылы мен 4 тұрғын алабын жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізуге және т. б.) қаржы бөлу көзделіп отыр. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік нысандар, жол инфрақұрылымы және басқа да нысандардың құрылысы - 3,6 миллиард теңге. Ауыл шаруашылығы саласына 1,6 миллиард теңге бөлу ұсынылады.
Депутаттар алдында сөз сөйлеген бағдарламалардың әкімшілері биылғы жылы қандай мақсаттарға және қандай бюджеттік шығыстарды жұмсау көзделетіні туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі