• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері ҚР Ұлттық банкінің жергілікті филиалының басшысы мен қызметкерлерін валюта Күнімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Депутаттар Статистика саласы қызметкерлерін құттықтады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Ақтөбе облысының аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының назарына

 

2022 жылғы 01 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2022 жылғы 1 желтоқсанында сағат 10:00-де өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холл.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 01 желтоқсанда сағат 08:00-ден 09:00-ге дейін конференц-холл фойесінде жүргізіледі.

Күн тәртібіне енгізілетін мәселе:

Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру.

Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов

 

Баспасөз хабарламасы

050222Облыстық мәслихат депутаттары ауылдың түкпір-түкпіріндегі тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасаудың жаңа форматын енгізуде.
Облыстық мәслихаттың бастамасы бойынша өткен аптада ауыл әкімдерінің, аудандар мен облыс мәслихаттары депутаттарының қатысуымен ZOOM бейнеконференциясы басталды. Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нугмановтың, облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматын облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары облыстың аудандарымен және ауылдық округтерімен өткізуде.

Ойыл ауданымен онлайн режимінде алғашқы байланысты "Ақ жол" партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Әсел Шункеева жүргізді.

Бейнеконференция басталмас бұрын облыстық мәслихат хатшысы барлық қатысушыларға жаңа бастамаларына табыс тілеп, өзара іс-қимылдың жаңа форматы сайлаушылармен неғұрлым тығыз қарым-қатынас жасауға, ауыл тұрғындарын толғандыратын проблемалар туралы бірінші ауыздан білуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
- Осындай жолмен біз аудандардың әрбір ауыл әкімдерін тыңдап, облысымыздың ауыл тұрғындары алдында тұрған проблемалардың әрқайсысы туралы біле алатынымыз өте маңызды, - деп түсіндірді Амангелді Нугманов. - Өңір тұрғындарының проблемаларын шешу "Nur Otan" партиясының сайлауалды өңірлік бағдарламасы тармақтарының бірі ғана емес, әрбір депутаттың міндеті болып табылады. Біздің негізгі міндетіміз – атқарушы органдарға проблемалардың әрқайсысын жеткізу және олардың әрқайсысы өз шешімін табатындай етіп жасау.
-ZOOM интернет - платформасындағы бейнеконференция мәжбүрлі шара болып табылады, өйткені өңірде пандемия күшейе түсті, - деп хабарлады Әсел Шункеева, бірақ облыс халқымен мұндай қарым-қатынас тәсілі өзінің артықшылықтарын көрсетті. Біріншіден, біз едәуір уақытты үнемдей отырып, әр ауылдық округ әкімдерімен, әр аудан депутаттарымен сөйлесе аламыз, екіншіден, облыс аудандарының ауылдық округтері әкімдерінің әрқайсысы ауылдық округ тұрғындарының алдында тұрған проблема туралы егжей-тегжейлі айта алады, ал әріптестерімізбен бірлесе отырып, осы немесе басқа мәселені шешудің орындылығын талқылай аламыз. Облыстық мәслихаттың жаңа бастамасы өз жалғасын табатынына және біз осындай бейнеконференцияларды тұрақты негізде өткізетінімізге сенімдімін. Ол үшін біз іс-шаралар жоспарын әзірледік
Депутат Әсел Шункеева модератор болған алғашқы zoom бейнеконференциялары Ойыл және Қобда аудандарымен өтті. Оған облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугмановтан басқа облыстық мәслихат депутаттары Қайрат Сабыр, Бақытқан Жаншаева, Талғат Салфиков, аудандық мәслихат депутаттары, екі ауданның ауылдық округ әкімдері қатысты. Ашық әңгіме барысында ауылдық округ басшылары өз мәселелерін ашық айтып, олардың әрқайсысы оң шешімін табатынына сенім білдірді.
Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы Сәкен Займолдин ауданның қалыптасқан экономикалық жағдайы туралы айтып, бірінші кезекте шешілуі қажет проблемаларды да атап өтті. Атап айтқанда, Ойыл ауылдық округінің әкімі Сандибек Дәулетқалиев Екпетал ауылында мектеп, Көптоғай ауылында балабақша салу, аудандық аурухана ғимаратын жөндеу қажеттігі туралы мәлімдеді.
Аталған мәселелердің әрқайсысын бейнеконференцияға қатысушылар мұқият талқылады. Көптоғай ауылында балабақша салу мәселесін талқылау барысында осы ауылдық округтің әкімі Ерлан Асылбаев, бейнеконференция модераторы, депутат Әсел Шункеева Ақтөбе қаласының жеке меншік балабақшалары бар кәсіпкерлерімен кездесіп, оларға балабақша салуды ұсынатынын айтты.
Ойыл аудандық ауруханасының ғимаратында 2009 жылдан бері жөндеу жүргізілмегенін біліп, 25 төсектік жеке инфекциялық стационар салу қажет, арнайы автокөлікпен проблемалар бар, облыстық мәслихат депутаты Қайрат Сабыр бұл мәселелерді депутаттар облыстық мәслихаттың келесі сессиясында қарауға ұсынатынына сендірді.
Қобда ауданының ауыл әкімдерімен онлайн-кездесу барысында бейнеконференцияға қатысушылар ауылдарды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеуге қатысты 10-нан астам мәселені талқылады. Әңгіме мазмұнды болып шықты және кездесуге қатысқан облыстық мәслихат депутаттары тұрақты комиссиялардың отырыстарында талқылауға қабылдау және атқарушы органдардың тиісті мемлекеттік мекемелеріне жіберу үшін мәселелердің әрқайсысын жазып алды.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі