• 170522

    Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - кәмелетке толмағандардың жыныстық тұтастығына қарсы зорлық-зомбылық.

  • 12052022

    Ұлы Жеңіс үшін тыл еңбеккерлері де орасан зор үлес қосты, біздің жеңісіміз үшін майдан даласындағы сарбаздарымыз ғана емес, сонымен қатар жеңіс үшін егістікте, зауыт цехтарында демалыссыз жұмыс істеген бүкіл ел тұрғындары еңбектенді. Тіпті балалар да жеңіске өз үлестерін қосты, ересектермен бірге соғыстың барлық қиындықтарын өз мойнына алды.

  • 090522

    Облыстық мәслихат хатшысы 101 жастағы соғыс ардагерінде қонақта болып, облыс әкімі, депутаттар және облыстық мәслихат аппаратының атынан соғыс батырын Жеңістің 77 жылдығымен құттықтады.

  • 300422

    Облыстық мәслихат депутаттары су тасқыны, ТЖ күштерін өрт сөндіру деполарының қосымша пункттерімен жабдықтау мәселелерін талқылады.

  • Пресс-релиз

    12 мың баланың спорт үйірмелерінде спортпен шұғылдануын ұйымдастыру үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қосымша 1,8 миллиард теңге қажет.

  • Байганин

    Байғанин ауданында 9 миллиард теңгеден астам сомаға жобаларды жүзеге асыруға дайын.

  • Сенбілік

    Осы сенбі күні басталған қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша жыл сайынғы екі айлыққа облыстық мәслихат депутаттары белсене қатысты.


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Еңбек бәрін де жеңбек

Амангелді Нұғманов Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінің 6 желтоқсан күнгі санында жарияланған «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы қоғамға үлкен ой салды.

Тұңғыш Президентіміз Тәуелсіздіктің отыз жылы ішіндегі еліміздің ішкі-сыртқы саясатын терең талдай отырып, ғаламдық өзгерістер халқымыздың өмір сүру салтына, тұрмыс тіршілігіне қалай әсер еткенін таразылайды. Иә, осы кезең ішінде ел жұртымыз көптеген қиындықты еңсеріп қана қоймай, болашақ бағдары айқын, ынтымақ бірлігі күшті мемлекетке айналды. Биылғы күзде елімізде өткен халық санағының қорытындысы да Елбасының пікірін ресми мәліметпен қуаттай түскендей. Шүкір, бүгінде Қазақстан Республикасы тұрғындарының саны 19 млн адамнан асса, оның 30 %-дан астамы тепсе темір үзетіндей жас буын екен.

 

Осы деректерге сүйене отырып, мемлекеттің ірге тасын қалап берген аға буынның ісін ақылды да білімді, еңбекқор да тәртіпті жастарымыз жалғастыратынына өз басым ерекше қуаныштымын.
Ата бабамыздың жүріп өткен жолдарының тәжірибесі әр заманның өз қиындығы мен қуанышы қатар жүретінін көрсетіп берді. Елбасы мақаласында «Алда алар асуларымыз бен бағындырар биіктеріміз де, ықтимал сын қатерлер де аз емес», деп ескерте кетеді де, болашақтың стратегиясын былай тұжырымдайды: «Міне, екі жылдан бері дүниежүзі алаң күй кешуде. Коронавирус дертінен туындаған пандемия әлемдік экономиканы ғана емес, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды, ғылым мен технология дамуын, жалпы адамның ой­лау жүйесін айтарлықтай өзгертті. Ең алдымен, адамзатқа ортақ індет даму деңгейіне қарамастан, ел мен елдің экономикасы мен технологиясын жақындастырып, бірбірімен ынтымақтастыра бастады. Соның негізінде жаңа жаһандық экономикалық парадигма қалыптасты. Жақында Нобель сыйлығының түрлі ғылым саласындағы лауреаттарының үлкен бір шоғыры «Біздің ғаламшар, біздің болашағымыз» саммитінің қорытындысы бойынша әлем мемлекеттеріне үндеу жасап, пандемия адамзат дамуына Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен апат болып енгендігін атап көрсетіп, онымен бүкіл дүниежүзі бірлесе күресуі керектігін алға тартты. Олар: «Егер осы бесжылдықта трансформациялық шаралар қабылданбаса, адамзаттың болашағына ауыр қатер төнетін болады... Қоғамның ең кедей және мар­гиналданған топтары мейлінше әлсіз жіктер күйінде қала береді», деді. Бұл менің осыдан тура 30 жылдай бұрын, 1992 жылдың 5 қазанында, Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесінен айтқан ұсыныстарыммен астасып жатыр. Біз сол кезеңнің өзін­де әлемнің ең бай мемлекеттерінің әскери-соғыс мақсатына қарасты­ратын шығындарының 1%-ын бөлу арқылы адамзатқа айтып келмейтін, төтенше апаттарға қарсы күресудің халықаралық қорын жасауды ұсынған едік. Әңгіме ол кезде БҰҰ-ның бітімгершілік күштері туралы болған еді, бірақ, біріншіден, маңыздысы идея және ұжымдық әре­кеттестіктің тетігі болатын, екін­шіден, түрлі елде тәулік сайын жүздеген, мыңдаған адамды баудай түсіріп жатқан пандемияның соғыстан несі кем? Егер дәл сол кезде мен ұсын­ғандай қор жасалған болса, қазір­гі пандемия жағдайында кедей мемлекеттерге коронавируспен күресуге және оның зиянды зардаптарын жоюға бағытталған шараларды ұйымдастыруға мол мүмкіндік туған болар еді».
Мұнайдың баррелі 100 доллар болып тұрған кезден бастап, 2000 жылдардың бас кезінен Н.Назарбаевтың бастамасымен Ұлттық қордың жасақталуы елдің болашағына салынған инвестиция болғанын пандемия дәлелдеді. Қоры бар ел озады екен. Пандемия соңғы жылдары ғаламдық экономика бағытын ғана емес, ұлттық экономика құрылымдарын да күрделі өзгеріске түсірді. Елбасы әлемдік экономиканың осы құбылысын «жаңа геосаяси трансформация», деп бағалай отырып, алдағы уақытта еліміз жағдайында неге дайын болуымыз керек екендігіне айрықша назар аударады.
Ақтөбе облысының жаңа құрамдағы депутаттары да өз жұмыстарын пандемия кезінде бастады. Пандемия экономикалық байланыстарды шектеп, ақша мен тауар айналымын тежеп, шағын және орта кәсіпкерлікке көптеген қиындық әкелді. Мұндай кезеңде қаржы ресурстарын тиімді салаларға жұмсауды басты назарға ұстаған мәслихат депутаттары түбірлі шешімдер қабылдады. Медицина мекемелерін пандемияға сай етіп жабдықтау, қысқа мерзімде қорғаныш құралдарын әзірлеуге қаржы бөлу және медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу, көктемгі егіс үшін шаруаларға қаржылық қолдау көрсету мәселелерін жедел шештік. Депутаттар жұмысының негізгі салмағы пандемиямен күреске бағытталды десек, артық айтқандық емес. Осылайша, депутаттар корпусы өңір экономикасы мен әлеуметтік саланы ақсатып алмауда жедел әрекет етті. Осындай кезде елдің бірлігі мен ауызбіршілігі, жағдайды толық талдай отырып тез әрекет ете білу де көптеген шиеленісті мәселенің алдын алды. Пандемияның салдары да, сабақтары да осы.
Отандастарымызды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтай отырып, мемлекетіміздің берік нығаюы жолында күшжігерімізді аямаймыз деп берік сеніммен айта аламын.

 

Дереккөз: «Egemen Qazaqstan» газет басылымы