• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Депутаттар біліктіліктерін арттырады

  • Баспасөз хабарламасы

    Дауыс беру үшін бар жағдай жасалды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық қоғамдық кеңесінің, референдумды қоғамдық қолдаудың облыстық штабының мүшелері Амангелді Нугманов пен Санат Қалиев Мәртөк және Қарғалы аудандарында іссапармен болып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді, кездесу барысында ел Конституциясына енгізілетін барлық өзгерістердің мәнін егжей-тегжейлі түсіндірді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні облыстық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері «Түйе төбе» мемориалына гүл шоқтарын қойды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Мәртөк ауданының тағы бір ауылына газ келді.

  • 25052022

    Облыстық мәслихаттың құрметті қонағы-бір күндік концертімен біздің қалаға келген, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, «Amanat» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі және Алматы қаласы мәслихатының депутаты Арман Жүдебаев.

  • 240522

    Облыстық мәслихат депутаттары сенаторлармен бірге облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы барысында мәселелерді талқылады.


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

0912Кезекті сессияда облыстық мәслихат депутаттары облыстық бюджетті бекіту, өңір аумағын дамыту, спорт және денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жобаларын өзгерту, облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары, Ақтөбенің субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін қамтитын 29 мәселені қарады.

Облыстық мәслихаттың кезекті алтыншы сессиясының пленарлық отырысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 9 желтоқсанда өтті және қаралатын мәселелердің тізбесіне "Nur Otan" партиясының сайлауалды уәделерінің өңірлік бағдарламасы шеңберінде облыста іске асырылып жатқан жобалар да кірді.


Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, "NurOtan" партиясы ұсынған облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, "NurOtan" партиясы фракциясының, басқа да партиялардың облыстық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқарма басшылары қатысты.
Сессия барысында депутаттар 2022-2023 және 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеттерді нақтылау және бекіту мәселелері бойынша мәселелерді қарап, баяндамашыларға қатысты тиісті шешімдер қабылдады. Ақпаратты экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Суентаева ұсынды.
Денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жобасын өзгерту мәселелері туралы депутаттарға денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев баяндады.
Бұдан басқа, депутаттар дене шынықтыру және спорт саласындағы МЖӘ, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, субсидиялауға жататын Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, Ақтөбе облысының 2022-2025 жылдарға арналған инфрақұрылымдық даму жоспарын және басқа да мәселелерді қарап, талқылады.
Сессияда қаралатын сұрақтардың әрқайсысы бойынша депутаттар баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, талқылаудан кейін тиісті шешімдер қабылдады.
Депутаттардың мақұлдауымен облыстық мәслихатта жұмыс істейтін бес тұрақты комиссия бір жерге жиналып, екі негізгі комиссияға бөлінді. Олардың әрқайсысында өмірдің әртүрлі салаларына (заңдылық, бюджет, агросектор, Әлеуметтік сала және басқалар) жетекшілік ететін секторлар құрылады. Екі жаңа комиссияның төрайымы болып облыстық мәслихаттың "Nur Otan" партиясы фракциясының депутаты Сұлупан Шынтасова және облыстық мәслихаттың "Ауыл" партиясы фракциясының депутаты Әсел Шункеева сайланды.
Сессияда сөз сөйлеген облыс әкімі депутаттарға жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, облыс экономикалық тұрғыдан жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтайтынын атап өтті.
- Біз көрсеткіштер бойынша соңғы орындарда болғанымызды, бірақ жағдайды түзете алғанымызды ескеруіміз керек. Қазақстан Президенті алға қойған міндеттерді іске асыру баршамыз үшін бірінші кезектегі міндет болып табылады, - деп атап өтті Оңдасын Оразалин. - Бұл мәселеде депутаттардың көмегі өте маңызды, жобалардың орындалуын бақылау, сайлаушылармен белсенді қарым-қатынас жасау, алда тұрған барлық мәселелерді анықтау қажет.
Облыстық мәслихаттың кезекті алтыншы сессиясы абыроймен аяқталды. Еңбек ардагерлерінің бірі және облыстық мәслихаттың "Ауыл" партиясы фракциясының депутаты Оразбек Далмағамбетовке 70 жыл толды.
Облыс әкімі жылы лебізін білдіріп, өңірдің дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, ҚР Тәуелсіздік күніне орай облыс әкімінің "Ақтөбе облысының сіңірген еңбегі үшін" мерейтойлық белгісіне қол қойды.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нугманов әріптесін облыстық мәслихат пен депутаттық корпустың атынан құттықтап, туған күніне гүл шоқтарын, облыстық мәслихаттың грамотасын табыс етіп, оның атына алғыс хат табыс етті.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі