• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері ҚР Ұлттық банкінің жергілікті филиалының басшысы мен қызметкерлерін валюта Күнімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Депутаттар Статистика саласы қызметкерлерін құттықтады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Ақтөбе облысының аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының назарына

 

2022 жылғы 01 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2022 жылғы 1 желтоқсанында сағат 10:00-де өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холл.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 01 желтоқсанда сағат 08:00-ден 09:00-ге дейін конференц-холл фойесінде жүргізіледі.

Күн тәртібіне енгізілетін мәселе:

Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру.

Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов

 

Баспасөз хабарламасы

0712Депутаттар тиімді коммуникациялардың практикалық дағдыларын дамытуды үйренеді.
Ақтөбеде мәслихат депутаттарының қатысуымен "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамадағы Тиімді коммуникациялар мен жаңалықтар" атты Семинар өтуде.
Оның мақсаты, жоғарыда айтылғандай, тиімді коммуникацияның практикалық дағдыларын дамыту. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының штаттан тыс тренері Нурия Аширова және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының штаттан тыс тренері, журналист Салтанат Оңғар депутаттарға "қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының тиімді құралдары" тақырыбында сабақтар өткізеді.


Семинарға онлайн режимінде қатысқан облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов қатысушыларға сәттілік тілеп, "Нұр Отан" партиясы фракциясы депутаттарының қызметіндегі басты міндет партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасына енген жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және бақылау болып табылатынын атап өтті.
- Депутаттардың әрқайсысы өз сайлаушыларымен қарым-қатынас, өзара іс-қимыл жасаудың арнайы дағдыларын кәсіби меңгергені өте маңызды, - деп атап өтті Амангелді Нугманов.
Оқыту барысында депутаттар көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, тиімді коммуникациялар құру алгоритмін, халықпен тиімді кері байланысты, өз көзқарасын тиімді баяндау мен дәлелдеу және т.б. дағдыларын меңгереді.
- Бұл семинар біз үшін өте қажет, - деді облыстық мәслихат депутаты Гүлжанат Ерғазина. – Біздің кәсіби мамандардың көмегімен көпшілігіміз өзімізді сырттан көріп, әр депутаттың өз қызметінде не жетіспейтінін нақты түсіндік. Бұл шешендік сөз тәсілі, қарым-қатынастың негізгі принциптері және сторителлингті сендіру әдісі ретінде қолдану, практикалық жағдайларды талдау және тағы басқалар.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі