• 261121

    Алты облыстық басқарма басшылары депутаттарға 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының жобаларын ұсынды

  • 231121

    Парламент Сенатының спикері мен мәслихаттардың хатшылары Өңірлік даму мәселелерін талқылады, бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылаудың және Мемлекет басшысы бастамашылық еткен жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізудің маңыздылығын атап өтті

  • 171121-3

    Депутаттар облыстық цифрлық технологиялар, энергетика және ТКШ, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының бюджет шығындарының жобаларын қарады

  • 171121-2

    Алдағы үш жылға арналған бюджет шығындары туралы депутаттарға облыстық полиция және ТЖ департаменттерінің бастықтары баяндады

  • 171121-1

    Облыс әкімінің орынбасары, депутаттар мен қоғамдық белсенділер полицияның сервистік моделі қалай енгізіліп жатқанын және халыққа жаңа әдіс бойынша қызмет көрсетілетінін білді

  • 151121

    Депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

  • 031121-3

    Депутаттарға алдағы үш жылда болатын облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының шығындары туралы баяндалды


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты.


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты.

Баспасөз хабарламасы

181021Депутаттар бюджетті нақтылау, жасыл желектерді күтіп ұстау, абаттандыру және жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін қамтитын бірқатар мәселелерді талқылады.
Бұл мәселелер облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері, құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында көтерілді.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйентаева депутаттардың қарауына қандай нақтылаулар ұсынылатынын баяндай отырып, атап айтқанда, нақтылау жалпы сомасы 5 702 278 мың теңгеге жүргізілетінін хабарлады.


Бұл қаражат спорт объектілерін, тұрғын үйлерді, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау объектілерін, инженерлік желілерді салу, әлеуметтік объектілерді күрделі жөндеу және басқа да басым бағыттарға бағытталатын болады.
Мәселен, мектеп, тұрғын үй, спорт, мәдениет нысандарының құрылысына, газдандыруға, коммуникация құрылысына және басқаларына 2 179 484,0 мың теңге бөлу шешілді.
Білім басқармасына 121 521,0 мың теңге, Денсаулық сақтау-588 737,0 мың тг, әлеуметтік бағдарламалар-416 000,0 мың тг., спорт-110 814,0 мың тг., мәдениет-160 483,0 мың тг бөлу ұсынылды.
Отырыста сондай-ақ облыстың қалалары мен ауылдарының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, абаттандыру қағидалары, Ақтөбе облысында жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау тарифтері және т.б. мәселелер қаралды.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі