• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының көпшілік даусымен ашық дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері ҚР Ұлттық банкінің жергілікті филиалының басшысы мен қызметкерлерін валюта Күнімен құттықтады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Ақтөбе облысының аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының назарына

 

2022 жылғы 01 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2022 жылғы 1 желтоқсанында сағат 12:00-де өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холл.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 01 желтоқсанда сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін конференц-холл фойесінде жүргізіледі.

Күн тәртібіне енгізілетін мәселе:

Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру.

Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов

 

Баспасөз хабарламасы

2009Облыстық мәслихат депутаттары жасыл желектер, жергілікті автожолдардың жағдайы мен қоқыс полигондарының мәселелерін талқылады.
Бұл мәселелер құрылыс, көлік, сауда, ТКШ және цифрландыру мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысының қарауына енгізілді.
Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың депутаттарға айтуынша, үй маңындағы жасыл желектерді түгендеу барысында жасыл желектердің 55-тен астам түрі анықталды.


- Бұл бірыңғай деректер базасын құруға, жасыл желектерді есепке алу мен күтіп ұстауды жүйелендіруге мүмкіндік берді, - деп толықтырды қала басшысы.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нағымжан Алдияровтың мәліметтері бойынша, аудандарда қазіргі уақытта облыстың тек 85 елді мекеніне түгендеу жүргізілді. Елді мекендердің дендрологиялық жоспарының толық болмауына байланысты облыс бойынша ағаш отырғызудың бекітілген көлемін орындамау қаупі бар.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әнуарбек Бермағамбетов отырысқа қатысушыларға облыста 12 ТБО полигоны жұмыс істейтінін баяндады. Олардың соңғысы, коммуналдық полигон, 2015 жылы Хромтау қаласында салынған және 5 жылдан астам уақыт бойы полигондар құрылысына қаражат бөлінген жоқ.
- 2021 жылы осы полигондардың құрылысы аяқталады, - деп хабарлады баяндамашы. - 2023 жылы Ойыл, Ырғыз, Комсомол және Қарабұтақ ауылдарында 4 полигон салу жоспарлануда. Сонымен қатар, облыста 456 стихиялық қоқыс орны анықталды.
Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар туралы баяндай отырып, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайер осы бағытта 2021 жылы 23,5 млрд теңге сомасына 144 жоба іске асырылып жатқанын хабарлады.
- Келесі жылдың 1 қаңтарына қарай жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 66 пайызын қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарлануда, - деді ол.
Баяндамашыларды тыңдап, депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулылар шығарды.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі