• Баспасөз хабарламасы

    Облыстық мәслихат хатшысы облыс әкімі мен облыс депутаттарының атынан прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелері - Прокуратура күнімен құттықтады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының көпшілік даусымен ашық дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту.

  • Баспасөз хабарламасы

    Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

26072021Облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен өтетін "РИКА" арнасындағы кезекті тікелей эфирдің тақырыбы жастар кәсіпкерлігі және экология мәселелері болды.
Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияларының мүшелері Әсел Зелетдинова мен Евгений Лазарчук Ақтөбеліктермен диалог режимінде әңгімелесті.
Жас Кәсіпкерлік адам тұлғасымен бизнеске қалай қарайды, бизнесмендердің жас буыны әлеуметтік бизнесті өзекті деп санай ма, біздің қоғам алдында тұрған қандай мәселелер мен идеялар дереу шешілуі тиіс?
Облыстық мәслихаттың ең жас депутаты Әсел Зелетдинованың атына осындай сұрақтар қойылды.
Экологияның белгілі қорғаушысы, депутат Евгений Лазарчук сұрақтарға жауап бере отырып, аймақтың алдында қандай экологиялық мәселелер тұрғаны, депутаттар қоршаған ортаны қорғау үшін не істеп жатқандығы туралы егжей-тегжейлі және ашық ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, өңірде "Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасы қалай жүзеге асырылатыны туралы мәселе де айтылды.
- Біздің жерлестерімізді толғандыратын бірде-бір мәселе депутаттардың назарынан тыс қалмайды, - деп сендірді Евгений Лазарчук. – Біз қоғамның бір бөлігіміз, демек, бізді облысымыздың әрбір тұрғынына кезігетін проблемалар толғандырады. Біздің партияның сайлауалды бағдарламасына енген міндеттерді жүзеге асыруға келетін болсақ, депутаттар өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап аудандарға тұрақты түрде шығып, олардың жергілікті жерлерде орындалуын жіті бақылап келеді, бұл мәселе облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында біздің талқылауымыздың нысанасына айналады. Бұл-біздің ортақ проблемаларымыз және облыс әкімінен бастап ең шалғай ауыл тұрғындарына дейін барлығын қамтиды.

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі