• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Депутаттар біліктіліктерін арттырады

  • Баспасөз хабарламасы

    Дауыс беру үшін бар жағдай жасалды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық қоғамдық кеңесінің, референдумды қоғамдық қолдаудың облыстық штабының мүшелері Амангелді Нугманов пен Санат Қалиев Мәртөк және Қарғалы аудандарында іссапармен болып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді, кездесу барысында ел Конституциясына енгізілетін барлық өзгерістердің мәнін егжей-тегжейлі түсіндірді.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні облыстық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері «Түйе төбе» мемориалына гүл шоқтарын қойды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Мәртөк ауданының тағы бір ауылына газ келді.

  • 25052022

    Облыстық мәслихаттың құрметті қонағы-бір күндік концертімен біздің қалаға келген, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, «Amanat» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі және Алматы қаласы мәслихатының депутаты Арман Жүдебаев.

  • 240522

    Облыстық мәслихат депутаттары сенаторлармен бірге облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы барысында мәселелерді талқылады.


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Баспасөз хабарламасы

16072021Облыстық мәслихатта депутаттық әдеп жөніндегі комиссия құрылды.
Бұл орган "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған.
Депутаттық әдеп жөніндегі комиссия туралы ереженің кейбір тармақтарынан көрініп тұрғандай, ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Ақтөбе облыстық мәслихатының Регламентін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алатын болады.
Комиссия құрамына облыстық мәслихат депутаттары, аппарат қызметкерлері, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің өкілі кірді.
Комиссияның өкілеттігі, басқалармен қатар, мәслихат депутаттарының мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық этика қағидаларын бұзуы туралы мәселелерді қарау, мәслихат депутаттары арасындағы жанжалды жағдайларды шешу жөнінде қажетті шаралар қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың, құқық қорғау органдарының мәслихат депутаттарына қатысты шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау болып табылады.
Комиссияға мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан комиссияның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұратуға, өз отырыстарында Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар өкілдерінің, лауазымды адамдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпаратын тыңдауға, комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәслихат депутатының түсініктемелерін жазбаша нысанда сұратуға және тыңдауға құқық берілген.
Депутаттардың мақұлдауымен депутаттық этика жөніндегі комиссияның хатшысы болып облыстық мәслихат аппаратының заңгері Мәди Тілеген тағайындалды.
Облыстық мәслихаттың депутаттық әдеп жөніндегі комиссиясының құрамына кіргендер:

НУГМАНОВ
Амангельды Шайхуллович                                   облыстық мәслихат хатшысы, комиссия төрағасы
Комиссия мүшелері
АЙТКАЛИЕВ
Тимур Владимирович                                          облыстық мәслихат аппаратының басшысы, төрағаның орынбасары
ВИШНЯК
Сергей Викторович                                             облыстық мәслихат депутаты

ЕРГАЗИНА
Гульжанат Койбагаровна                                    облыстық мәслихат депутаты

ШУНКЕЕВА
Асель Куанышбековна                                        облыстық мәслихат депутаты
САЛФИКОВ
Талгат Маратович                                               облыстық мәслихат депутаты
ШИНТАСОВА
Сулупан Панаевна                                              облыстық мәслихат депутаты
БЕКЕНОВА
Алмагуль Шубаевна                                            облыстық мәслихат депутаты

ДАЛМАГАМБЕТОВ
Оразбек Набиевич                                              облыстық мәслихат депутаты

ЕСЕНГУЛОВ
Такталифум Садуович                                        облыстық мәслихат депутаты

КОЙЛЫБАЕВ
Марат Айтуганұлы                                             Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі