• 261121

    Алты облыстық басқарма басшылары депутаттарға 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының жобаларын ұсынды

  • 231121

    Парламент Сенатының спикері мен мәслихаттардың хатшылары Өңірлік даму мәселелерін талқылады, бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылаудың және Мемлекет басшысы бастамашылық еткен жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізудің маңыздылығын атап өтті

  • 171121-3

    Депутаттар облыстық цифрлық технологиялар, энергетика және ТКШ, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының бюджет шығындарының жобаларын қарады

  • 171121-2

    Алдағы үш жылға арналған бюджет шығындары туралы депутаттарға облыстық полиция және ТЖ департаменттерінің бастықтары баяндады

  • 171121-1

    Облыс әкімінің орынбасары, депутаттар мен қоғамдық белсенділер полицияның сервистік моделі қалай енгізіліп жатқанын және халыққа жаңа әдіс бойынша қызмет көрсетілетінін білді

  • 151121

    Депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

  • 031121-3

    Депутаттарға алдағы үш жылда болатын облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының шығындары туралы баяндалды


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты.


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты.

Баспасөз хабарламасы

15062021rusМәртөк ауданына жұмыс сапарымен келген облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов бастаған депутаттар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген жобалардың іске асырылу барысымен танысты, шаруа қожалықтары мен салынып жатқан тұрғын үй және әлеуметтік нысандарды аралады.
Депутаттармен, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелерімен бірге ауданға облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйентаева келді.
Облыстық мәслихат депутаттарының жұмыс сапары жергілікті белсенділермен кездесуден басталды.

 

15062021115062021az15062021rus11
Ашық әңгіме барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының сапалы орындалуына ықпал ететін мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.
Депутаттық топтың басты назарында қоқыс полигонының құрылысы болды. Бұл нысан партияның сайлауалды бағдарламасына енгізілген. Құрылыстың мердігері ABZICOM ЖШС болып табылады және оның директоры Асқар Нұртазин хабарлағандай, жобаның құны 197 миллион теңгені құрайды.
Депутаттар мердігер-фирманың басшысынан қоқыс полигонының тереңдігі қандай болатынын сұрады, облыс орталығының тұрғындарын қоқыс полигонынан шыққан иістер мазаламайды ма?
- Полигонның жалпы ауданы 4,5 гектардан асады және құрылыс барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуде, - деді мердігер ұйымның директоры. - Полигон қоршаумен қоршалады, мұнда автомобиль дөңгелектерін жууға, тұрмыстық қалдықтар қоқысын сұрыптауға арналған алаңдар, жерасты сорғы станциясы және артезиан ұңғымасы жұмыс істейтін болады.
Полигон құрылысын биыл аяқтау жоспарланып отыр.
Содан кейін депутаттар Казанка ауылындағы құрылыс және инфрақұрылымды жүргізу барысымен танысты. Мұнда жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелер бөлініп, газ құбыры, су құбыры және электр желілері тартылуда. Ұзындығы 9 шақырымнан асатын және құны 108 миллион теңгені құрайтын газ құбырын "Ақтөбенефтегазстрой"ЖШС салып жатыр. Жалпы құны 197 миллион теңгені құрайтын электр желілерін салумен "АлиханОйл"ЖШС айналысады. Ол сондай-ақ сметалық құны 405 миллион теңгені құрайтын су құбырын да салып жатыр. Мердігерлер барлық құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Айтпақшы, дәл осындай жұмыстар Саржансай ауылында да жүргізілуде. Мұнда 2022 жылдың ортасында 654 жер учаскесінде жобаның жалпы сомасы 438 миллион теңге болатын инфрақұрылым жүргізіледі.
Мәртөк ауылында депутаттық топ екі пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Бұл депутаттық топпен бірге Мәртөк ауданының әкімі Алмас Салықбаевтың айтуынша, жалпы сомасы 951 миллион теңгені құрайтын ауыспалы жоба. – Оны 2022 жылы аяқтау жоспарлануда, ал құрылыс аяқталғаннан кейін мемлекеттік қордан үй алуға кезекте тұрған азаматтарға 78 пәтер беріледі, - деп түсіндірді ол.
Бұл жобаны "КазПромСтройГрупп"ЖШС жүзеге асыруда.
Жұмыс сапары барысында депутаттық топ аудан орталығындағы кентішілік жолдарды жөндеу барысымен танысты.
- Биыл аудан орталығында ұзындығы 11,9 шақырым болатын 12 көше жөнделеді, - деді аудан әкімі.
Депутаттар емдеу-сауықтыру кешені мен "Зару"шаруа қожалығының қызметіне үлкен қызығушылық танытты.
Оның жетекшісі Бану Тлегенова депутаттарға шаруашылық пен сауықтыру кешенінің қызметі сауықтыру туризмін және бұғы шаруашылығын ұйымдастырумен медициналық кластерді дамытуға бағытталғанын айтты.
Жеке кәсіпкер Рахат Көпжанның шаруашылығында болып, депутаттар құлпынай, жүгерінің жазғы егіні қалай өсіріліп, жиналатынын білді.
Шаруашылықта суаруға арналған 4 ұңғыма бар, мұнда тамшылатып суару ұйымдастырылған. Өнімдер Ақтөбе мен аудандарда сатылады.
Депутаттар Мұхамметхан Қарсақовтың "Есбол" фермерлік шаруашылығында аралас шаруашылықтың қалай жүргізіліп жатқанын көрді.
Мұнда жүгері, жоңышқа, люцерна, кресс-салат сияқты жемшөп дақылдары өсіріледі.
- Шаруашылықты кеңейтуді ойлаймыз, сондықтан суару үшін қосымша Zimmatic суару жүйесін және 3 барабанды суару жүйесін сатып алуды жоспарлап отырмыз, - деп бөлісті қожайын. – Жалпы құны-1 млрд теңгені құрайды.
Мәртөк ауданына сапар соңында депутаттар Елек өзені арқылы өтетін "Қаратоғай-Ақтөбе" көпірінің құрылыс орнында болды. Оның ұзындығы 300 метрден асады, ал ені 4,5 метр болады. Құрылысты 9 ай ішінде аяқтау жоспарлануда.

 

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі