• 261121

    Алты облыстық басқарма басшылары депутаттарға 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының жобаларын ұсынды

  • 231121

    Парламент Сенатының спикері мен мәслихаттардың хатшылары Өңірлік даму мәселелерін талқылады, бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылаудың және Мемлекет басшысы бастамашылық еткен жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізудің маңыздылығын атап өтті

  • 171121-3

    Депутаттар облыстық цифрлық технологиялар, энергетика және ТКШ, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының бюджет шығындарының жобаларын қарады

  • 171121-2

    Алдағы үш жылға арналған бюджет шығындары туралы депутаттарға облыстық полиция және ТЖ департаменттерінің бастықтары баяндады

  • 171121-1

    Облыс әкімінің орынбасары, депутаттар мен қоғамдық белсенділер полицияның сервистік моделі қалай енгізіліп жатқанын және халыққа жаңа әдіс бойынша қызмет көрсетілетінін білді

  • 151121

    Депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

  • 031121-3

    Депутаттарға алдағы үш жылда болатын облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының шығындары туралы баяндалды


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты.


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты.

Баспасөз хабарламасы

1006202111Облыстық мәслихат депутаттары онкомедорталықты жабдықтау, БҚМУ түлектерін даярлау және мектепке дейінгі және орта білім беру жағдайын талқылады.
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы барысында депутаттар алдында жоғары медициналық оқу орнының ректоры және білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы есеп берді.
Медициналық онкоорталықтың міндеті онкологиялық патологиясы және обыр алды аурулары бар пациенттерге мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады.
БҚМУ ректоры Мұрат Телеуов хабарлағандай, облыстың онкологиялық қызметінде тәулік бойы стационардың 150 төсегі, күндізгі стационардың 60 төсегі, диспансерлік пациенттер үшін ауысымда 200 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық емхана, амбулаториялық химиотерапия кабинеті, онкологтардың 27 кабинеті бар.
- МО қызметкерлерінің жалпы саны 548 адамды құрайды, - деп толықтырды ректор. - Онкологиялық қызметтің жарақтандырылуы онкологиялық көмек көрсетудің III деңгейіне сәйкес келеді.
Қатерлі ісік дертіне шалдыққандар санына келетін болсақ, қазір облыста 7 563 онкологиялық науқас есепте тұр. Онкологиялық қызмет жүргізетін жұмыстардың ауқымдылығына қарамастан, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауда әлі де проблемалар бар. Онкокабинеттер мен штаттық онколог дәрігерлер жеткіліксіз.
- Осы проблемаларды шешу үшін мониторинг пен бағалаудың мобильді тобы құрылды, ол 2020 жылы облыстың 8 ауданына және қаланың 3 АМСК - қа баруды жүзеге асырды, онда онкологиялық жұмысқа бағалау жүргізілді және әдістемелік ұсынымдар берілді, - деп бөлісті Мұрат Телеуов. -Онкология кафедрасының қызметкерлері онконастаздық, онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша қашықтықтан дәріс оқиды (Зум-режим).
Ақтөбе облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева 2020 жылы және 2021 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 126 білім беру ұйымы мемлекеттік бақылаумен қамтылғанын, профилактикалық бақылау тексерулерінің қорытындысы бойынша 73 мектепте заңнама талаптарын бұзудың 379 фактісі анықталып, бұзушылық мерзімдері көрсетілген нұсқамалар шығарылғанын баяндады. Алтынды ОМ (Мұғалжар ауданы), Н.М.Крупская (Мұғалжар ауданы), Сарысу ОМ (Хромтау ауданы), Көктау ОМ (Хромтау ауданы), Т.Шанов атындағы ОМ (Шалқар ауданы), №71 ОМ ( Ақтөбе қаласы) секілді 6 мектепке қатысты шығарылған нұсқамалардың жойылмаған бұзушылықтары бойынша сот шешімі 220 АЕК (641740 тг.) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
- Шағымдар негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша 6 әкімшілік іс жасалды, ата-аналар мен лауазымды тұлғаларға айыппұл салынды, - деп толықтырды бақылау органының басшысы.
Облыста 543 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 43326 бала тәрбиемен және оқытумен қамтылған. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілде - 35 650, орыс тілінде-7 254 бала тәрбиеленуде.
Облыстың 425 мектебінде 17 1642 оқушы білім алуда.
- Орта білім беру сапасы 52,9 пайызды құрайды, облыс мектептеріне 139 мұғалім жетіспейді, - деп атап өтті департамент басшысы. - Облыстағы апатты мектептер саны-4. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау бойынша 70 жалпы білім беретін мектепке жүргізілген мониторинг 70 мектепте проблемалық мәселелердің анықталғанын көрсетті.
Сөз сөйлеушілерді тыңдағаннан кейін депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулылар қабылдады.

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі