Облыстық мәслихат депутаттары облыстық полиция департаментіне барып, жедел басқару орталығының қалай жұмыс істейтінін біліп, құқық бұзушыларды анықтау бойынша жұмыс әдістерін бағалады.
Асхат Айтжанов, Алмагүл Бекенова, Талғат Салфиков және Бақытқан Жаншаева секілді депутаттар полиция қызметкерлерінде қонақта болды. Халық қалаулыларын облыстық полиция департаментінің бастығы полковник Атығай Арыстанов қарсы алып, қазіргі уақытта облыстағы жедел жағдайдың қандай екенін айтып, шағын экскурсия өткізді.
Атығай Арыстанов депутаттарды жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойы Ақтөбе қаласының жолдарында және тұрғын үй алаптарында заңдылықтың сақталуын және қауіпсіздігін қадағалайтын қызметімен таныстырды. Депутаттарға орталықтың мақсаттары мен міндеттері, Құқық бұзушылық туралы сигнал "102" пультіне түскеннен кейінгі түрлі қызметтердің іс-қимыл алгоритмі, қолданыстағы бейнекамералардың саны мен сапасы және басқа да нюанстар туралы егжей-тегжейлі айтылды.
Депутаттар бейне бақылау камералары жұмысының тиімділігін бағалап, облыс орталығының көшелеріндегі бейне бақылау камералары санының артуына барынша қолдау көрсетуге уәде берді.
Бұдан әрі мәслихат депутаттары электрондық қызметтерді автоматтандыру тобының жұмысымен танысты, онда құқық бұзушыларды анықтау бойынша жұмыс әдістері көрнекілік ретінде көрсетілді. Кездесу соңында қонақтар облыстық ПД мұражайына барды.
- Мұндай сапарлар өте маңызды, - деп атап өтті депутаттық өкілеттік және этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, депутат Асхат Айтжанов. - Құқық қорғау органдарының қызметі жоғары болуы тиіс және біз, депутаттар, атап айтқанда, біздің тұрақты комиссияның мүшелері полиция жұмысының серпінінде болуымыз керек. Біздің азаматтарымыздың қауіпсіздік мәселелері біздің қоғамды толғандырады және біз азаматтарымыздың өмірін неғұрлым қауіпсіз, әрі жайлы етуге тиіспіз.
Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі