• 14052021

    2021 жылғы 14 мамырда депутат Сұлупан Шынтасованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

  • 13052021

    2021 жылғы 13 мамырда депутат Асхат Айтжановтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

  • 12052021 комиссия

    2021 жылғы 12 мамырда депутат Сұлупан Шынтасованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

  • 07052021

    Отан қорғаушылар күні облыс әкімі ҰОС ардагерлерін келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады.
    Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің жылы лебізін облыс мәслихатының хатшысы Амангелді Нугманов жеткізді.

  • 05052021

    5 мамыр, сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының кезекті ХХХІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

  • 04052021

    Депутаттар мен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары сенаторлармен өңірдің өзекті мәселелерін талқылады.


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Облыстық мәслихаттың Депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

  • Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

  • 2021 жылғы 5 мамырда депутат Гүлжанат Ерғазинаның төрағалығымен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы

par1703ruskaz2021 жылғы 17 наурызда ҚР Сенатының вице-спикері Асқар Шәкіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің онлайн режимінде отырысы өтті.
Оған Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев, Сенат депутаттары, облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және аудандық мәслихаттардың хатшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты. Кеңес отырысында Ақтөбе облысын облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғыманов таныстырды


Мәулен Әшімбаев өзінің кіріспе сөзінде отырысқа қатысушыларға Мемлекет басшысының Жаңғырту күн тәртібін заңнамалық қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер туралы айтып берді.
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев өз баяндамасында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы аясында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамытудың негізгі тәсілдері мәселелерін қозғады.
Отырыста сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли БЕКТАЕВ сөз сөйледі.
Мәслихаттар қызметіндегі негізгі ақпараттық-ұйымдастырушылық мәселелер туралы Парламент Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Төлеубек Мұқашев баяндама оқыды және отырысқа қатысқан облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшылары сөз сөйледі.
Мәулен Әшімбаев жиынды қорытындылады.