• 261121

    Алты облыстық басқарма басшылары депутаттарға 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының жобаларын ұсынды

  • 231121

    Парламент Сенатының спикері мен мәслихаттардың хатшылары Өңірлік даму мәселелерін талқылады, бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылаудың және Мемлекет басшысы бастамашылық еткен жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізудің маңыздылығын атап өтті

  • 171121-3

    Депутаттар облыстық цифрлық технологиялар, энергетика және ТКШ, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының бюджет шығындарының жобаларын қарады

  • 171121-2

    Алдағы үш жылға арналған бюджет шығындары туралы депутаттарға облыстық полиция және ТЖ департаменттерінің бастықтары баяндады

  • 171121-1

    Облыс әкімінің орынбасары, депутаттар мен қоғамдық белсенділер полицияның сервистік моделі қалай енгізіліп жатқанын және халыққа жаңа әдіс бойынша қызмет көрсетілетінін білді

  • 151121

    Депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

  • 031121-3

    Депутаттарға алдағы үш жылда болатын облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының шығындары туралы баяндалды


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты.


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты.

Баспасөз хабарламасы

1112192019 жылғы 12 қарашада облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңес мүшелері, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 


«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 - желтоқсандағы №347 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Рамазанқызы Сүйінтаева хабарлама жасады. Ол облыстық бюджеттің нақтылануына ұсынылған шығындар тізімін ұсынды.
Күн тәртібіндегі «Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11-желтоқсандағы «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы туралы» №361 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша Г.Р.Сүйінтева бүгінгі күні аумақты дамыту бағдарламасын түзету қажеттілігі бар екендігін айтып кетті. Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – АДБ) - бұл өңірдің негізгі стратегиялық құжаты.
Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 47-тармағына және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығымен бекітілгенАДБ іске асыру жөніндегі әдістеменің 57-тармағына сәйкес жылына бір рет АДБ-ны түзетуге мүмкіндік беріледі.
АДБ-ны түзету 2018 жылғы Әкімдік қызметінің тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша ҚР ҰЭМ ұсынымдарына, Түйінді ұлттық индикаторлардың Стратегиялық картасын және 2019 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Жаңа базалық көрсеткіштер тізбесін бекітуге байланысты.
Күшін жойғанБазалық тізбе 81 нысаналы индикатордан тұрды. Алайда, жаңаБазалық тізбеде өзекті емес индикаторлар мен өңірлер тікелей әсер етпейтіниндикаторлар алынып тасталдыжәне олардың саны 40-қа дейін қысқарды, оның ішінде ескі тізбеден тек 17 индикатор қалды.
Сонымен қатар, Базалық тізбенің 40 индикаторының 15-і-бұл Стратегиялық картадан декомпозицияланған индикаторлар және олар бойынша 2025 жылға дейінгі жоспарлы мәндер бекітілген.
Бұдан басқа, облыстың даму ерекшелігін ескере отырып, АДБ-ға 5 қосымша индикатор қосу жоспарлануда:
1. «Өткен жылмен салыстырғанда жидек дақылдары жемістерін жалпы жинаудың өсуі»;
2. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жергілікті қамту үлесі»;
3. «Мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесі (жеңіл өнеркәсіп тауарлары, жиһаз өнеркәсібі тауарлары, құрылыс материалдары)»;
4. «Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі»;
5. «Ауылдық елді мекендердің газбен қамтамасыз етілуі».
Осылайша, бүгінгі таңда АДБ 3 негізгі бағытты, 17 мақсатты және
45 индикаторды қамтиды (АДБ көне нұсқасы 6 негізгі бағытты, 23 мақсатты және 91 индикаторды қамтыды):
Бірінші бағыт: Экономика. Бұл бағыт өңірлік макроэкономика, өнеркәсіп, инвестициялар, АӨК және ШОБ сияқты салаларды қамтиды және 6 мақсат пен 17 индикатордан тұрады.
Екінші бағыт: Әлеуметтік сала. Әлеуметтік сала білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, туризм және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету салаларын қамтиды және 7 мақсат пен 19 индикатордан тұрады.
Үшінші бағыт: Инфрақұрылым. Бұл бағыт құрылыс, ТКШ, экология және жер ресурстары сияқты салаларды қамтиды және 4 мақсат пен 9 индикатордан тұрады.
Жалпы, АДБ облыс әкімдігінің тиімділігін арттыруға, индикаторларды сапалы жоспарлау арқылы бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты. Аталған мәселелер 2019 жылдың 15 қарашасында өтетін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралады.