Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов – блог

blog2016ruАмангелді Шайхоллаұлы Нугманов 1967 жылы 3 сәуірде Ақтөбеоблысы, Мәртөкауданы, Жаңатаңауылындадүниегекелген.
Білімі - жоғары: Ақтөбе ауылшаруашылығы техникумын (1986ж.) «Агроном» мамандығыбойынша, «Қайнар» университетін үздік (1999ж.) «Заңгер–құқықтанушы» мамандығы бойынша, Будапешт қаласындағы Халықаралық құқық қорғау органдары академиясын (2002ж.) «Халықаралық құқық» мамандығыбойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2004ж.) «Мемлекеттік қызметменеджері» мамандығы бойынша (мамандануы: макроэкономика), Ұлыбританияның Лондон қаласындағы «Ernst&Young» бизнес академиясын (2017ж.) «CIPFA PublicAuditor» халықаралық санаттағы аудитор» мамандығы бойынша тәмамдаған.
22.04.1986 - 17.06.1988 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызметатқарды, Германия;
06.07.1988 - 16.11.1992 жылдары Жайсан совхозының агрономы-есепке алушысы, аудандық өсімдіктер діқорғаустанциясының агрономы, аудандық өсімдіктерді қорғау станциясының жетекші агрономы, Мәртөкауылы;
06.05.1994 - 01.10.1997 жылдары Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, «Мәртөк» кеден бекетінің инспекторы;
01.10.1999-01.11.1999 жылдары Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы бойынша Кеден басқармасының контрабандаға және кеден ережелерін бұзушылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы;
01.11.1999 - 01.08.2000 жылдары Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы «Мұғалжар» кеден бекетінің бастығы;
01.08.2000 - 01.11.2002 жылдары Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасының контрабандаға және кеден ережелерін бұзушылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, Ақтөбе қаласы;
01.11.2002-21.07.2003 жылдары ҚР Кедендік бақылау агенттігінің Кеден ісі саласындағы қылмыстармен және құқық бұзушылықтармен күрес департаменті кедендік күзет және режим басқармасының бастығы, Астана қаласы;
22.07.2003 - 04.10.2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қаласы;
05.10.2004 - 01.02.2005 жылдары ҚР ҚМ КБК Кадрлар басқармасы бастығының орынбасары, Астана қаласы;
01.02.2005 - 01.04.2006 жылдары ҚР ҚМ КБК Қарағанды облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, Қарағанды қаласы;
01.04.2006 - 01.11.2006 жылдары ҚР ҚМ КБК кадрлар басқармасының бастығы, Астана қаласы;
01.11.2006-01.01.2008 жылдары ҚР ҚМ КБК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы, Орал қаласы;
01.01.2008 - 01.08.2009 жылдары Астана қаласы бойынша ҚР ҚМ КБК департаментінің бастығы;
01.08.2009-01.07.2010 жылдары ҚР ҚМ Жамбыл облысы бойынша КБК департаментінің бастығы, Тараз қаласы;
01.07.2010-01.06.2012 жылдары Павлодар облысы бойынша ҚР ҚМ КБК департаментінің бастығы, Павлодар қаласы;
01.06.2012 - 10.07.2013 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «АЭА-Химпарк» акционерлік қоғамының басқарушы директоры-Басқарма мүшесі, Астана қаласы;
10.07.2013-01.06.2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы, Орал қаласы;
01.06.2018 - 01.08.2019 жылдары ҚР ҚМ ІМАК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;
01.08.2019 - 19.03.2020 жылдары ҚР ҚМ ІМАК Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы, Ақтөбе қаласы;
20.03.2020-14.01.2021 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.
2021 жылғы 14 қаңтардан бастап – Жетінші шақырылған Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы. «AMANAT» партиясының мүшесі.
03.12.2020 ж. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2008 ж. «10 жыл Астана» мерейтойлық медалімен, «Үлгілі қызметі үшін» халықаралық ынталандыру сертификатымен, 2011 ж. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, 2012 ж. РФ, Мәскеу қ., «Кеден одағын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін» медалімен, 2015ж. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған, 2015ж. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен, 2016ж. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, 2016ж. «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен және басқа да 20 ведомстволық және қоғамдық наградалармен марапатталды.