ХАБАРЛАМАСЫ

Облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің
орнына сайлау туралы Ақтөбе облыстық мәслихатының
ХАБАРЛАМАСЫ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты облыстық аумақтық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына екі мүшесінің сайланатындығы туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2021 жылғы 29 сәуір - 14 мамыр аралығында облыстық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) облыстық сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партия, өзге де қоғамдық бірлестік органы, олардың құрылымдық бөлімшелері отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;
2) саяси партияны, өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
3) облыстық мәслихатқа кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (өтініш нысанын мәслихаттан алуға болады).
Облыстық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2021 жылғы 14 мамырға дейін жүзеге асырылады.
Облыстық мәслихаттан құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға – Шыңғыс Сейдахметұлы Нұржігіт, каб. №206, қалааралық телефон коды (87132), қызметтік 56-37-13, ұялы 8778-805-17-17, факс 54-34-75, электрондық почта мекен-жайы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..