Хабарландыру

Бас инспектор категория D-3, 1 бірлік "Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты" ММ

Бос орындарға оралу

Мемлекеттік орган

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат(лауазымдар тізіліміне сәйкес)

D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

282689

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы(классификаторға сәйкес)

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы),

Экономика,

Есеп және аудит,

Қаржы

Функционалды міндеттер

Бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу, негізгі құралдар мен тауар-материалдық құндылықтарды түгендеу, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, жалақыны есептеу және уақтылы төлеу, қаржыландыру жоспарларын орындау барысында туындайтын ұйымдармен және жеке тұлғалармен есеп айырысуларды уақтылы жүргізу, мемлекеттік меншік пен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету. Жеткізушілермен шарт жасау бойынша рәсімдерді ұйымдастыру және оларды қазынашылық органдарында тіркеу, өтініштер тізілімін дайындау. Мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді жинау, талдау және қалыптастыру, сондай-ақ есепке алу саясаты бойынша құжаттарды, есепке алу деректерін өңдеудің машиналық бағдарламаларын, олардың есептерін, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ бухгалтерлік құжаттарды белгіленген тәртіппен мұрағатқа беру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Басшылық айқындаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Блок Б

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Келесі мемлекеттік органдар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режиміне қатысада (Үкіметтің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысы): Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Әділет министрлігі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.02.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.02.2022–07.02.2022

Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">'+addy_text94935+'<\/a>'; //-->

Байланыс үшін E-mail

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сұхбаттасу күні

09.02.2022

Сұхбаттасу орны

"Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты" ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 544605. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 ) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.