Щегельский
Щегельский Всеволод Анатольевич
«AMANAT» партиясынан депутат

Всеволод Анатольевич Щегельский 1973 жылы 11 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.Білімі-Жоғары, мамандығы –«Экономика және менеджмент». Неміс, орыс тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын 1993 жылы «Ленто» Ресей-Канада БК Ақтөбе филиалында тауартанушы болып бастаған.
1995-1997 жылдары «Ленто» ЖШС атқарушы директоры. 1997-1999 жылдары «Қазақстантрубопром» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары.
1999 жылдан бастап «Кедентранссервис» РМК Мемлекеттік кірістер министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры.
1999 жылдан 2000 жылға дейін «Қазақстантрубопром» ЖШС директорының бірінші орынбасары.
2000-2002 жылдары Ақтөбе шампан шараптары зауытының қаржы директоры.
2002-2004 жылдары «Отан» республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе филиалының төрағасы.
2002 жылдан 2006 жылға дейін «КТП» ЖШС директоры.
2003 жылдан 2007 жылға дейін облыстық мәслихаттың депутаты болды. Облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және бұқаралық-қорғаныс жұмысы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болды.
2003 жылдан 2010 жылға дейін «Инвестпром Лизинг» ЖШС директоры.
2010 жылдан 2011 жылға дейін «КТП» ЖШС Бас директоры.
2011 жылдан 2013 жылға дейін Батыс Қазақстан өңірінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қорының құрылтайшысы (ревизоры) болды.
2012 жылдан 2016 жылға дейін облыстық мәслихаттың, V сайлау округінің депутаты болып сайланды. Облыстық мәслихаттың өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамында болды.
2012 жылдан 2014 жылға дейін ТЖ ауруханасы мен емханасының сапалы медициналық қызмет көрсетуін партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болды.
2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «КТП» ЖШС Бас директорының кеңесшісі.
Қазақстан кәсіпкерлерінің форумында «Қазақстанның үздік бизнесмендері» грамотасымен марапатталған (2005ж.). «Отан»республикалық партиясының Саяси кеңесі «Партияның құрылғанына 7 жыл толуына байланысты» грамотасымен марапатталған (2006ж.). «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының 10 жылдығына орай» Құрмет грамотасымен марапатталды. «Белсенді қызметі үшін» медалімен (2006ж.) марапатталған. «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалімен (2006 ж.) марапатталған. «Алтын белгі» иегері (2009 ж.). «Құрмет» орденімен (2011ж.). «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» Алғыс хатымен (2011ж.), ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен марапатталды (2021ж.). Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің «Қасиетті тең Апостолдық князь Владимирдің 1000 жылдығына арналған» рок мерейтойлық медалі (2015 ж.).
«Инновациялық экономика» бағыты бойынша комиссияның партиялық кураторы болды.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, «Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі «Нұр Отан» партиясының облыстық фракциясының жетекшісі.
Отбасылы, екі баланың әкесі.
Ақтөбе облыстық мәслихатының ІІІ, V, VI шақырылымдарының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылады.