Салфиков на сайт
Салфиков Талғат Маратұлы
«AMANAT» партиясынан депутат

Талғат Маратұлы Салфиков 1962 жылы 1 қарашада Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген.
1981 жылы Семей тері-жүн техникумына оқуға түсіп, 1983 жылы тауар танушы мамандығы бойынша аяқтаған.
Техникумды аяқтаған соң тауар танушы-тапсырушы болып жұмысістеді, «Қаз тұтыну одағының» Ақтөбе ПОШ қоймасының тапсыру тобының жетекшісі болды.
1991 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келеді. 1993 жылы «АНВАР» ЖШС құрды және басқарды және осы күнгедейін бас директоры болып табылады.
Мемлекеттік марапаттары–«Құрмет» орденімен (2009ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005ж.), «Астанаға 10 жыл» (2008ж.) мерекелік медальдарымен және ҚР Президентінің Алғысхатымен (2007ж.), «Облысқа сіңірген еңбегіүшін» (2017ж.) төсбелгісімен марапатталған 2004 жылы «Ақтөбеоблысының Жыладамы» атағына иеболды.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Ақтөбе облыстық мәслихатының V, VI шақырылымдарының депутаты. Облыстық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.