Садыков на сайт
Садықов Асқар Аманбайұлы
«Акжол» партиясынан депутат

Асқар Аманбайұлы Садықов 1969 жылы 4 мамырда туған. 1987 жылы Шалқар ауданы орта мектебін тәмамдаған.
Еңбекжолын 1992 жылы Орынбор қаласындағы «Оренбург монтаж» зауытында СМУ-1 трестінің монтажшысы болып бастады.
Білімі- Жоғары, мемлекеттік техникалық университетін «Инженер-механик» мамандығы бойынша (1995ж.), Қазақстан мемлекеттік заңуниверситетін «Құқықтану» мамандығы бойынша (2000ж.), Халықаралық бизнес академиясын MBA, «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша (2005ж.) бітірген.
2008 жылданбастап «Атамекен» ҰКП Ақтөбе филиалының төрағасы, 2013 жылдың маусымынан бастап Ақтөбе қаласындағы «Ақжол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, жеке кәсіпкер, облыстық мәслихаттың V-VI шақырылым депутаты.
Отбасылы, алтыбаланың әкесі.
Мемлекеттік және үкіметтік марапаттары бар: «Құрмет» ордені (Астана, 2011ж.), «Парасат» ордені (Астана, 2017ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен (2016ж.), III дәрежелі «Атамекен» медалі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің және Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Алғыс хаты.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сертификатының иегері.
Облыстық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.