Есиркепов на сайт
Есіркепов Амангельді Қабашұлы
«AMANAT» партиясынан депутат

Амангелді Қабашұлы Есіркепов 1954 жылы 25 қаңтарда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында дүниеге келген.
1981жылы А.С.Пушкин атындағыОрал педагогикалық институтын бітірген.2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік институтындатарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленген.
А.Қ.Есіркепов білім беру жүйесінде ұзақ уақыт жұмыс жасады: мұғалім, тәрбиеші, мектеп директоры, маман, бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, Ақтөбе облысының білім басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
1985 жылдан Ақтөбе облыстық партия комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы, меңгерушісінің орынбасары.
1996 жылдан 2004 жылға дейін Ақтөбе облысы әкімі аппаратында жұмыс істеді, қаржы – шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, облыс әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.
2004 жылы облыстық мәслихаттың депутаты болып, 2004 жылдың 28 қыркүйегінде үшінші шақырылған Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
2007 жылғы 25 тамызға дейін төртінші шақырылған облыстық мәслихаттың хатшысы.
2012-2021 ж.ж. Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің директоры.
2021 жылдан бастап құрметті зейнет демалысында.
«Құрмет» орденімен (2005ж.), «Парасат» (2016ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж.), «Астананың 10 жылдығы» (2008ж.) мерейтойлық медальдарымен, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамының «Қайырымды ісі үшін» Құрмет төсбелгісімен (2006 ж.), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен (2021 ж.) марапатталған.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.