shunkeeva

Әсел Қуанышбекқызы Шүнкеева
«Ақжол» партиясынан депутат

 

Әсел Қуанышбекқызы Шүнкеева 1978 жылы 17 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі - Қуанышбек Шүнкейұлы Шүнкеев, анасы - Орынкүл Әбдіғалиқызы Шүнкеева.
1995 жылы Ақтөбеқаласындағы №32 орта мектеп-гимназиясын үздік дипломмен тәмамдаған. 1995-1999 жылдары А.Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономика факультетінүздік дипломмен аяқтаған.
1999-2004 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Темірбанк» АҚ-да жұмысжасады, несие бөлімінің маманынан бөлім бастығынадейін өтті, несиепроцесінің әдіснамасы бойынша жұмыс жүргізді.
2004-2006 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Еуразиялық Банк» АҚ-да несие беру бөлімін басқарды.
2006-2013 жылдары Ақтөбе, Алматы, Атырау қалаларындағы «БТА Банкі» АҚ-да жұмыс істеді, корпоративтік несиелеу бөлігі бойынша қаржыландыруға ірі жобаларды жүзеге асырды;
2013-2015 жылдары «Нұрбанк» АҚ ұжымында еңбек етті, корпоративтік несиелеу бөлігінде жобалар жүргізді;
2015-2021 ж.ж.«Банк Центр Кредит» АҚ-да жұмыс істеді, маңызды жобаларды қаржыландыруды қоса алғанда, банктік бизнестің барлық бағыттары бойынша Ақтөбе қаласындағы филиалды басқарды.
2022 жылдан бастап облыстық мәслихаттың тұрақты негізде жұмыс жасайтын әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы болып табылады.
«Ақжол» партиясының мүшесі. Белсенді қоғамдық жұмыс жүргізеді, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. Облыстың ЕДБ-де негізгі орын алатын банкирлер тобын тәрбиеледі. Қоғамдық негізде әлеуметтік жобалар бойынша ментор болып табылады.
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен (2021 ж.) марапатталды.
Отбасы жағдайы: Тұрмыста, екі ұл тәрбиелеп отыр.