Есенгулов
Есенгұлов Тахталифум Сәдуұлы
«AMANAT» партиясынан депутат

Тахталифум Сәдуұлы Есенғұлов 1966 жылы 18 наурызда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген.
1986-1991 жылдары В.И.Ленинатындағы Қазақ политехникалық институтында «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Институтты бітіргеннен кейін «Октябрьск нефть» мұнай-газ өндіру басқармасында қабат қысымын ұстау цехының геологы, ЦДНГ-1 ағагеологы болып жұмыс істеді.
1997-2000 жылдары «Ақтөбе мұнай газ» ААҚ Мұнай және газ кен орындарын игеру департаментінің игеру секторының меңгерушісі, кейін ҒЗИ әзірлеу бөлімінің бастығы, игеру бөлімінің бастығы болды.
2000-2011 жылдары «СНПС-Ақтөбе мұнай газ» АҚ Мұнай-газ кен орындарын игеру департаменті директорының орынбасары, кейін «Октябрьскнефть» МГӨБ басшысы, Бас директордың өндірісті үйлестіру жөніндегі орынбасары болып тағайын далды.
2011 жылданбастап «СНПС-Ақтөбе мұнай газ» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарады.
Мемлекеттік наградалары– «Еренең бегі үшін»медалі (2010 ж.) және «Құрмет» ордені (2017 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.) мерейтойлық медальдарымен және ҚР Президентінің (2011 ж.) және ҚР Премьер-Министрінің Алғысхаттары мен марапатталған.
«Қазақстан Республикасының Құрметті жер қойнауын барлаушы", «Ақтөбе облысының Жыладамы» атақтарының иегері (2013ж.).
ҚР мәслихаттары депутаттарының республикалық қоғамдық бірлестігінің шешімімен оған «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» атағы (2014ж.) берілді.
Ақтөбе облыстық мәслихатының ІІІ, ІV, V, VI, VIІ шақырылымдарының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.