berkimbaev

Бөріхан Сматоллаұлы Беркімбаев
«AMANAT» партиясынан депутат

Бөріхан Сматоллаұлы Беркімбаев 1964 жылы 12 ақпанда Ақтөбе облысының Новороссийск ауданында дүниеге келген. Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, 1981-1986 жылдары Алматы теміржол көлігі инженерлері институтында оқыды. Оқудан кейін 1988 жылға дейін әскерде қызмет етті.
Еңбек жолын 1988 жылы Ақтөбе станциясында пойыз құрастырушы болып бастаған. 1988-1998 жылдары осы станцияда төбешік бойынша кезекші, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша станция бастығының көмекшісі, Ақтөбе станциясы бастығының жедел жұмыс бойынша орынбасары, сондай-ақ жүк жәнекоммерциялық жұмыс бойынша станция бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
1998 жылы «Желдорэкспедиция» ЕМК бас инженері, 1999 жылдан бастап Ақтөбе тасымалдау бөлімшесінің бас инженері болып жұмыс істеді.2000 жылы жүк және коммерциялық жұмыс басқармаларының Батыс аймақтық өкілдігін басқарды. 2000 жылдың қазан айынан бастап Атырау тасымалдау бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары, желтоқсан айынан бастап Ақтөбе тасымалдау бөлімшесінің бастығы болып жұмыс істеді. 2005 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Атырау жол бөлімшесі» филиалының директоры болып жұмыс істеді. 2016 жылғы 1 шілдеден бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ –«Атырау БП бөлімшесі» филиалының директоры болып жұмыс істеді. 2018 жылдың 10 қаңтарынан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ –«Ақтөбе БП бөлімшесі» филиалының директоры болып жұмыс істейді.
2009 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының шайбалы хоккей федерациясы» Республикалық Біріккен қоғамының Атырау облыстық филиалын қосымша басқарды. Осы кезеңде 2009 жылы құрылған «Бейбарыс» хоккей командасы алғашқы жылы шайбалы хоккейден ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды, 2010, 2011 және 2015 жылдары ел чемпионы атанды.
2003 жылы Ақтөбе облыстық мәслихатының III шақырылымының депутаты болып сайланды. 2007 жылдан бастап 2018 жылдың қаңтар айына дейін Атырау облыстық мәслихатының депутаты, 2018 жылдың қарашасынан бастап Ақтөбе облыстық мәслихатының VI шақырылым депутаты болып сайланды.
Бөріхан Сматоллаұлы «Құрметті теміржолшы» атағымен марапатталды. 2005 жылы «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған.2004 жылы Қазақстан темір жолының 100 жылдығына орай «Қазақстан темір жолына-100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. 2008 жылы «Біртұтас Қазақ темір жолына - 50 жыл» төсбелгісімен марапатталған. 2007, 2011 және 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Құрмет» орденімен марапатталды. 2014 жылы «Қазақстан темір жолына - 110 жыл» мерейтойлық медалімен, 2015 жылы «Қазақстан мәслихаттарына-20 жыл» медалімен, 2021 жылы ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.
2013 жылдан бастап Мақат ауданының Құрметті азаматы.
Отбасылы, екі баласы және екі немересі бар.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылады.