ergazina
Ерғазина Гүльжанат Қойбағарқызы
«Ауыл» партиясынан депутат

Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазина 1974 жылы 10 маусымда Ақтөбе облысының Хромтау ауданында дүниеге келген.
Білімі -Жоғары, Батыс Қазақстан аграрлық университеті, «Экономист» мамандығы (1992-1997ж.ж.), екінші жоғары білім, Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, «Заңгер» мамандығы (2010 – 2012ж.ж.).
Еңбек жолын Хромтау қаласы әкімінің аппаратында экономист қызметінен бастады. 2007 жылға дейін Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінде бас маман, кейін аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, 2007 жылдан бастап «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, 2009 жылдан 2021 жылғы дейін«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ АФ директоры, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап «Аграрлық несие корпорациясы» Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры.
Гүлжанат Ерғазина облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, Ақтөбе облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, саясаткер әйелдер клубының мүшесі, Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен МБА-да аттестаттау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің экономика факультеті. Қазақстанның іскер әйелдерінің V форумының (Астана-2009ж.) қатысушысы, «Қанатты Әйел-III» республикалық идеялар мен тауарлар жәрмеңкесінің (Павлодар-2010ж.) және VІІ Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының (Астана-2011ж.) қатысушысы.
EBROPEAID «ШОБ өңірлік дамуы» (ASMED) жобасы шеңберінде курстардан өтті (2004); кәсіпкерлік практиканың республикалық оқу орталығында (Астана - 2006); әділет органдары, ҚР Мемлекеттік және өзге де ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында (Астана – 2006); Египет Араб Республикасындағы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Ұлттық зерттеу орталығында (Египет – 2008); Сыртқы істер министрлігі жанындағы Ұлттық халықаралық ынтымақтастық агенттігінде (Израиль – 2014) оқудан өтті. 2008 жылы Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлерінің V форумын өткізуге белсенді қатысқаны үшін Ақтөбе облысының әкіміне алғыс жарияланды.
2009 жылы Қазақстанның іскер әйелдерінің V форумына қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан атаулы сыйлықпен марапатталды.
2010 жылы белсенді қоғамдық жұмысы үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.
2011 жылы ерекше жетістіктері мен белсенді қоғамдық жұмысы үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының дипломымен марапатталды.
2011 жылы ҚР Президентінің 10.11.2011 жылғы қаулысымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
2012 жылы Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі және жүктелген міндеттерді мінсіз атқарғаны үшін «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының Алғыс грамотасымен марапатталды.
2012 жылы облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі және үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2013-2015 жылдар аралығында оған басшылық еткен «АШҚҚҚ» АҚ филиалы Үздік өндірістік көрсеткіштері үшін «Үздік филиал» ретінде бірнеше рет дипломдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
2015 жылдың қараша айында жоғары көрсеткіштері үшін Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2016 жылдың қараша айында ҚР Президентінің 29.11.2016 жылғы қаулысымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
2016 жылдың желтоқсан айында ҚР Президентінің 05.12.20016 ж. Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2017 жылдың маусым айында ҚР ІІМ Ақтөбе облысы ІІД бастығының бұйрығымен «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісімен марапатталды.
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен (2021 ж.) марапатталды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен (2021 ж),"Қазақстан мәслихаттары бірлестігі" республикалық қоғамдық бірлестігінің "Құрметті депутат" төсбелгісімен (2021ж) марапатталған.
Отбасы жағдайы: Отбасылы, үш ұл тәрбиелеп отыр.
«Ауыл» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.