aitzhanov
Айтжанов Асхат Абдрахманұлы
«AMANAT» партиясынан депутат

Асхат Абдрахманұлы Айтжанов 1962 жылы 18 сәуірде Ақтөбе облысы Алға қаласында дүниеге келген.
1989 жылы Мәскеу қаласының инженер – механигі мамандығы бойынша ВЗПИ (қазіргі В.С.Черномырдин атындағы Мәскеу мемлекеттік ашық университеті) тәмамдаған.
1994 жылы АҚШ, Техас штаты, Хьюстон қаласындағы Райс университетінде ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
2009 жылы Қазақстан Республикасы экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқыды, Берлин қаласы, ГФР.
2013 жылы РФ, Мәскеу қаласында Executive MBA бағдарламасы бойынша «Экономика Жоғары Мектебі»ұлттық зерттеу университетінің менеджмент жоғары мектебінде оқуды сәтті аяқтады.
Еңбек жолын 1979 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін бірден Алға РСМУ-5 2-ші разрядты слесарь-монтаждаушы болып бастады.
1980 жылдан 1982 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
1982-1984 жылдарыС.М.Киров атындағы Ақтөбе химия комбинатының темір жол цехында пойыздардың тіркес-құрастырушысы болып жұмыс істеді.
1984-1987 жылдары С.М.Киров атындағы Ақтөбе химия комбинаты комсомол комитетінің хатшысы.
1987-1991 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ақтөбе облыстық комитетінің спорттықжәне қорғаныс-бұқаралық жұмыс бөлімінің нұсқаушысы, кейін іс басқарушысы және қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады.
1991 жылы «ДАСТАН» жеке өндірістік фирмасын ұйымдастырды, аталған фирмада қазіргі уақытта 600-ден астам адам жұмыс істейді. «Дастан» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы.
Марапаттары:
* «Құрмет»ордені.
* «Астананы игергені үшін» медалі.
* «Ақтөбе қаласындағы қасиетті Никольск ғибадатханасын салуға белсенді қатысқаны үшін» естелік белгісі.
Ақтөбе облысы әкімінің, Ақтөбе қаласы әкімінің, Атырау қаласы әкімінің, «Қазақстан құрылысшылар одағы» АФ төрағасының Алғыс хаттары бар. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» Құрмет грамотасымен марапатталған. «Ақтөбе облысының Жыл адамы-2015» атағына ие болды.
Ақтөбе облысының кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының президенті. ҰКП Ақтөбе облысының өңірлік Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі. Инвесторларды тарту және инвестициялық климатты жақсарту бойынша өңірлік кеңестің мүшесі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының IV, V шақырылымдарының депутаты және облыстық мәслихаттың VI шақырылымының депутаты болып сайланды.
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген. Отбасылы, екі ұл, алты немере тәрбиелеп отыр.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегітұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.