vishnyak
Вишняк Сергей Викторович
«AMANAT» партиясынан депутат

Сергей Викторович Вишняк 1961 жылы 1 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі- жоғары, 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің экономика және менеджмент факультетін тәмамдаған.
Еңбекжолын 1978 жылыАқтөбе хром қосындыларызауытының энергия цехында слесарь болып бастаған. Аппаратшы, ауысым шебері, №4 цех бөлімшесінің бастығы, зауыт жабдығы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді, содан кейін бірнеше жыл бойы химия зауытының жинақтау бөлімінің жетекші инженері лауазымын атқарды.
1998 жылдан бастап әртүрлі коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2000 жылдан бастап «Динар-Электромаш» ЖШС тең құрылтайшысы және тұрақты басқарушысы.
2016 жылғы 24 наурызда Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;
Ақтөбе облысы бойынша ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы;
Свято-Никольск кафедралдық соборының қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
Марапаттары:
• Мәскеу III дәрежелі Әулие Князь Даниелдің ордені
• «Алғыс» медалі
• «Қазақстанның Ұлттық ұланына ХХ жыл» медалі
• «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі
• «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі
«Ел бірлігі» номинациясында «Қазақстан патриоты» атағына ие, Ақтөбе облысының Жыл адамы, ҚР Президентінен «Қайырымдылықты дамытуға және Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін» алғыс хаты бар.
Отбасылы, жұбайымен бір ұл, бір қыз және үш немере тәрбиелеп отыр.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылады.