alishev
Қазыбек Құрманғалиұлы Әлішев
«AMANAT» партиясынан депутат

Қазыбек Құрманғалиұлы Әлішев 1978 жылы 3 ақпанда дүниеге келген. Білімі-Жоғары, мамандығы: заңгер-құқықтанушы, 1999 жылы Ақтөбеқаласындағы «Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын және Мәскеу қаласындағы Мәскеумемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін (МЭСИ) экстернатпен бітірген.
Еңбекжолын 1998 жылы Қандыағаш қаласы Мұғалжар аудандық сотының сот орындаушысы болып бастаған.
2000 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың сәуірінедейін Қобда ауданы прокурорының көмекшісі, кейін ағакөмекшісі. 2002 жылдың сәуірінен 2003 жылдың желтоқсанына дейін Мұғалжар ауданы прокурорының көмекшісі;
2003 жылғы желтоқсаннан 2005 жылғы қаңтарға дейін Темір ауданы прокур орының орынбасары;
2006 жылғы ақпаннан 2008 жылғы қарашаға дейін Құлсары қаласындағы «Бұлан» ЖШС Бас директорының кеңесшісі;
2008 жылғы қарашадан 2010 жылғы наурызғадейін «ИГС-Сичим» ЖШС БК Корпоративтік бизнестідамыту жөніндегі директоры, Атырау қаласы;
2010 жылдың сәуір – маусым айларында Атырау облысы әкіміаппаратының мемлекеттік-құқықтықбөлімі бас маманының міндетін атқарушысы;
2010 жылдың маусым айынан 2011 жылдың қаңтар айынадейін Атырау облысы әкіміаппаратының құжаттаманың орындалуын бақылау бөлімінің меңгерушісі;
2011 жылғы қаңтардан 2012 жылғы ақпанғадейін Атырау облысы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетелдік жұмыс күшінтарту бөлімінің бастығы;
2012 жылғы ақпан – қыркүйек аралығында-Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы;
2013 жылғы қаңтардан 2018 жылғы мамырғадейін «ACRB LTD» ЖШС коммерциялық директоры, Атырау қаласы;
2018 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқадейін «Арман-М» ШҚ басшысы қызметтерін атқарды.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмысжөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.