esenzhulov
Арман Бекетұлы Есенжолов
«AMANAT» партиясынан депутат

Арман Бекетұлы Есенжолов 1964 жылы 18 қаңтарда Ақтөбео блысы Шалқар ауданының Шалқар қаласында дүниегекелген. 1986 жылы Мәскеу болат және қорытпалар институтын «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша бітіргеннен кейінең бекжолын Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бастады (қазіргіуақытта ERG құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы). Кәсіп орында жұмыс жасаған жиырма жыл ішінде кәсіби өсудің барлық сатыларынан өтті. Балқытушы, шебер, ауысымбастығы, балқыту цехының ағашебері, цех бастығы, өндірістік-техникалық басқарма бастығы, зауыттың бас инженері болып жұмысістеді.
2006 жылы кәсіби қасиеттерінің арқасында және ERG басшылығының шешімі бойынша «Серов ферро қорытпа зауыты» ААҚ (Ресей Федерациясы, Свердлов облысы) Бас директоры лауазымына тағайындалды. Екі жыл ішінде ол зауытты тиімсіз кәсіпорыннан Ресей Федерациясының өнер кәсіптік көшбасшыларына шығарды. Кеңауқымды қайтақұру мен өндірісті жаңғыртуды (инвестициялық бағдарламаларды) іскеасырды, көптегенәлеуметтік мәселелерді шешті.
2008 жылғы 1 шілдеденбастап 2014 жылғы 30 тамызға дейін өнімдері Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония, Қытай, Ресей нарықтарына экспортталатын, әлемдегі ең ірі ферроқорытпа өндірушілердің бірі «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытын басқарды. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ол ұжымдысақ тапқана қоймай, өндірістік қуаттылықты арттырып, зауытты ферроқорытпалар өндірісі бойынша әлемдік көшбасшыларға шығарып, өткізу нарықтарын кеңейтеалды.
2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Қазақстан алюминийі» АҚ (құрамында Павлодар алюминий зауытыжәне 1-ЖЭО (Павлодар қаласы), Краснооктябрь боксит кенбасқармасы (Лисаков қаласы), Торғай боксит кенбасқармасы (Арқалық қаласы), «Керегетас»кеніші (Майқайыңкенті) Бірінші вице-президент лауазымынаауыстырылды. Компания сондай-ақ ERG құрамынакіреді.
2015 жылғы 20 қаңтардан бастап компания президенті болып тағайындалды. Жұмыс кезеңінде өндірістік қуаттарды жаңғырту және қолдау бойынша жобалар басталды, компанияның кенді базасын дамытуға серпін берілді, бұл жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Бір қатармаңызды тармақтарды толықтыра отырып, ұжымдық шарт қайта қаралды, қызмет керлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары жақсартылды.
2018 жылғы 3 наурызда «Қазхром» ТҰК» АҚ (құрамында Дөң тау-кенбайыту комбинаты (Хромтау қаласы), Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (Ақтөбе қаласы), Ақсу ферроқорытпа зауыты (Ақсу қаласы), «Қазмарганец» кенбайыту комбинаты (Қарағанды қаласы) президенті лауазымына тағайындалды. Компанияда инвестициялық жобаларды жүйелеу процесін бастады, күрделі жөндеу жүргізу тәсілдерін қайтақарады, №4 ӨО жобалық қуатына кезең-кезеңіменшығарды, 1 және 2 балқыту цехтарының жұмыс істеуін ұзарту бойынша стратегия әзірледі, бұл өнімділікті арттыруға, жұмыс орындарының босатылуына жол бермеуге және осы бөлімшелердің кірістілігінарттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөніндегі бағдарламаны, «Идеялар фабрикасы» жобасын іскеасыру тәсілі қайта қаралды. Кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін колледждерде (Ақсу, Хромтау), жоғары оқу орындарында жұмыс күшейтілді.
2009 жылдан бастап 2018 жылғадейін Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі болды.
М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің іскерлік әкімшілендіру шеберінің біліктілік дәрежесі бар, техника ғылымдарының кандидаты және ғылыми әзірлемелердің авторы. 2003 жылы ҚР Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды.
Қоғамдық өмірге қатысқаны, маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асырғаны үшін Ақсу, Шалқар, Ақтөбе қалаларының құрметті азаматы атағына иеболды.
«Еңбекдаңқы» ведомстволық төсбелгісінің толық кавалері, «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған, «ҚР Құрметті металлургі» наградасы берілген, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және 25 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғысхатымен (2011, 2015, 2019 жылдары), ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған. COVID-19-ға қарсы күреске қосқан үлесі үшін 2020 жылы «Халықалғысы» медалімен марапатталды.
Отбасылы, екі бала тәрбиелепотыр. Облыстық мәслихатта бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегітұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.